РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарПремьер-лига клубтары жаңа маусымға дайындықты бастады

10 Қаңтар 2019, 15:03

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лига футбол клубтарының жаңа маусымға дайындық жоспарларымен таныстырады.

 
«Астана»
 
Ел чемпионы «Астана» маусымға дайындықты 15 қаңтар күні Біріккен Араб Әмірлігінде бастайды. Отбасылық жағдайына байланысты команданың қатарынан кеткен бас бапкер Роман Григорчук қайта оралады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. Сонымен қатар, «Астана» Данияның ең мықты екі ұжымымен жолдастық матч өткізеді. 27 қаңтар күні елордалық ұжым «Копенгагенмен» кездессе, 30 қаңтар күні «Мидтьюлланнмен» жолығады. Үшінші қарсыластың есімі кейін белгілі болады. Жолдастық ойын 24 қаңтарға жоспарланған. Елордалықтардың алғашқы оқу-жаттығу жиыны 30 қаңтарға дейін созылады.
 
 
«Қайрат»
 
«Қайраттың» алғашқы оқу-жаттығу жиынын 5 қаңтар күні Алматыда бастады.  Өткен маусымның қорытындысы бойынша жаңа бапкер таныстырылған еді. Беларусь маманы Алексей Шпилевский Германияның «Штутгарт» және «РБ Лейпциг» академияларында қызмет атқарған. Оның соңғы жұмыс орны – Беларусь елінің «Динамо-Брест» командасы.
 
«Қайрат» ресми сайтында алғашқы жаңа ойыншысының қатарға қосылғанын хабарлап үлгерді. Ол 23 жастағы жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаев. Футболшы соңғы бес маусымынын шымкенттік «Ордабасы» сапында өткізді.
 
19 қаңтар күні «Қайрат» футболшылары «Қайрат Жастар» командасымен бақылау ойынын өткізеді. Ал, 22 қаңтар күні Түркияға жол тартады.
 
 
 
«Тобыл»
 
«Тобыл» футбол клубының алғашқы оқу-жаттығу жиыны 6 қаңтарда басталған болатын. Ел чемпионатының қола жүлдегерлерінің ресми сайтының хабарлауы бойынша, қостанайлық ұжымның тізгінін ресейлік маман Владимир Газзаев ұстады.
 
Қостанайлықтар үш жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Алғашқы ойын 12 қаңтар күні өтеді. Қарсыласы – венгриялық «Аквитал Чавар». Үш күннен соң әзірбайжандық «Сабахпен» сынға түседі. Соңғы ойын 20 қаңтарға белгіленген. Венгрияның «Ньиредьхаза-Спартакус» клубы қарсылас атанбақ. Жиын 21 қаңтарда аяқталады.
 
Анталияда команданың қатарында үш жаңа ойыншы бар. Ол Беларусь чемпионатының алты дүркін чемпионы Михаил Гордейчук, «Ақтөбе» командасының бұрынғы вингері Руслан Валиуллин және «Атыраудың» бұрынғы қақпашысы Андрей Пасеченко.
 
 
 
«Ордабасы»
 
Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының хабарлауынша, команда маусымға дайындықты туған қаласында бастайды. «БИІК» футбол орталығының базасында басталатын жиын 20 қаңтарға дейін созылады.
 
 
«Қайсар»
 
Демалыстан алғашқыларды бірі болып шыққан «Қайсар» футболшылары түрік жағалауына жетті. Оқу-жаттығу жиыны 5-24 қаңтар аралығына жоспарланған. Стойчо Младенов командасы екі жолдастық ойын өткізбек.
 
«Қайсар» төрт ойыншының құраманың қатарына қабылданғанын ресми түрде хабарлады. Олар – 20 жастағы «Байқоңыр» шабуылшысы Өркен Махан, «Жетісу» қорғаушысы Иван Садовчничий, «Атыраудың» экс-капитаны Марат Хайруллин және хорватиялық центрбек Марин Оршулич.
 
 
 
 
«Жетісу»
 
Талдықорғандық «Жетісу» футбол клубы да оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркия жағалауына ат басын тіреді. Жиын мерзімі 5-22 қаңтар аралығы.
 
 
«Ақтөбе»
 
«Ақтөбе» жаңа маусымға дайындықты желтоқсан айында бастаған болатын. Жиынға тек жергілікті футболышлар қатысты. Алғашқы шетелдік оқу-жаттығу жиыны 11-25 қаңтар аралығында Түркияның Белек қаласында өтеді. Үш жолдастық матч өткізеді. 16 қаңтар – румыниялық «Сепси», 20 қаңтар болгариялық «Септември» және үшінші ойын венгриялық «Шиофок».
 
«Ақтөбе» футбол клубы беларусь маманы Александр Седневтің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми түрде жария етті. Ол өткен маусымда денсаулығына байланысты қызметін тоқтатқан Владимир Мухановтің жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген болатын.
 
 
«Шахтер»
 
Жерорта теңізінің жағалауына жол тартқан ұжымдардың бірі – қарағандылық «Шахтер». Алғашқы оқу-жаттығу жиыны 1 ақпанда басталып, бір аптаға созылған үзілістен соң екінші жиын жалғасады. Кеншілер болгариялық бас бапкер Николай Костовпен жұмысты жалғастыратын болды. Сонымен қатар, өткен маусымда оралдың «Ақжайық» командасының намысын қорғаған Еркебұлан Нұрғалиев пен Берік Шайхов «Шахтерға» қосылды.
 
Кеншілер бес жолдастық ойын өткізуді жоспарлап отыр. 14 қаңтарда албаниялық «Кукеси», 19 қаңтарда венгриялық «Ньиредьхаза-Спартакусом», 25 қаңтарда македониялық «Македония Герче Петров», 31 қаңтарда польшалық «Аркамен» ойнайды. 28 қаңтар күні өтетін жолдастық ойынның қарсыласы кейін белгілі болады.
 
 
 
 
«Атырау»
 
Мұнайшылар Түркияның Сиде қаласында оқу-жаттығу жиынын 4 қаңтарда бастады. 25 қаңтарда аяқталатын алғашқы оқу-жаттығу жиынында «Атырау» төрт жолдастық матч өткізеді. 10 қаңтарда түркиялық «Фатих Карагюмрюк», 13 қаңтарда румыниялық «КСМ Политехника», 17 қаңтарда ресейлік «СКА-Хабаровск», 24 қаңтар күні болгариялық «»Монтана» командасымен ойнайды.
 
 
«Ертіс»
 
Павлодарлық «Ертіс» те оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізеді. 21 қаңтарға дейін созылатын оқу-жаттығу жиынында екі жолдастық кездесу белгіленген.
 
Қазіргі уақытта команда қатарын латвиялық қорғаушы Каспар Дубра, жас қақпашы Илья Сотник, «Астананың» бұрынғы қақпашысы Александр Мокин, «Тобылдық» Аслан Дарабаев, «Қызыл-Жардан» келген Момоду Сисей мен Тимур Мульдинов толықтырды.
 
 
 
 
«Оқжетпес»
 
Көкшетаулық ұжым алғашқы оқу-жатығу жиынын Анталияда өткізеді. Жиын 21 қаңтарға дейін созылады.
 
7 қаңтарда Андрей Карпович бастаған жаңа жаттықтырушылар штабы таныстырылды. Көкшетаулықтардың ресми сайты хабарлағандай, өткен маусымда «Тобыл» және «Ордабасы» командаларында ойнаған Жасұлан Молдақараевпен келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, «Ақжайықтың» бұрынғы ойыншысы Азат Ерсәлімов Көкшетауға көшті.
 
«Оқжетпес» футболшылары 10 қаңтарда швейцариялық «Сьон», 17 қаңтарда венгриялық «Аквитал» және 20 қаңтарда венгриялық «Халадашпен» ойнайды.
 
 
 «Тараз»
 
Премьер-лигаға қайта оралған «Тараз» желтоқсан айында жаңа бас бапкер Вахид Масудовтің жетекшілігімен Шымкент қаласында екі аптаға созылған оқу-жаттығу жиынын өткізді. Алғашқы оқу-жаттығу жиыны 11-30 қаңтар аралығында Түркияда өтеді. «Тараздың» төрт қарсыласы бар. 15 қаңтар – әзірбайжандық «Зиря», 20 қаңтар румыниялық «Конкордия», 24 қаңтар 23 жасқа дейінгі Өзбекстан жастар құрамасы, 28 қаңтар ресейлік «Ротор».

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5092 )