РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар2018 жылғы Премьер-лиганың үздіктер құрамасы

19 Желтоқсан 2018, 10:03

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы Премьер-лиганың үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:

Үздіктер құрамасы ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының әр турдың қорытындысы бойынша сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:

Қақпашы: Дмитрий Непогодов, «Тобыл»

Непогодов – «Тобылды» қола жүлдеге сүйреген ойыншылардың бірі. Өткен маусымда тұрақты ойынымен есте қалған футболшы Қазақстан Ұлттық құрамасында алғашқы ойынын өткізген болатын. Қостанайлықтардың қақпашысы 13 ойында қақпасына гол жібермеді. Сейв саны – 23. Орташа ойын индексі – 224. Маусымда алты рет үздіктер құрамасына енді.

Сол жақ қорғаушы: Дмитрий Шомко, «Астана»

Шомко – «Астананың» қорғанысының көшбасшысы, сонымен қатар, кез келген қарсыластың қорғанысына қауіп төндіретін футболшы. Маусымда екі гол соғып, голға айналған екі пас шығарды. Пастарының дәлдігі – 77 пайыз. Орташа ойын индексі – 235. Маусымда он бір рет үздіктер құрамасына енді.

Орталық қорғаушылар: Марин Аничич, «Астана»; Евгений Постников, «Астана»

Марин Аничичтің «Астанаға» қосқан үлесі орасан. Қорғаушы әр ойында орта есеппен допқа таластың 72 пайызында жеңіске жетіп отырды. Әуедегі допқа талас көрсеткіші – 74 пайыз. Пастарының дәлдігі – 90 пайыз. Орташа ойын индексі – 246. Маусымда алты рет үздіктер құрамасына енді.

Евгений Постников кәсіби шеберлігінің арасында ойындарды қатесіз өткізді. Тұрақтылық пен сенімділік «Астана» қорғаушысының басты көрсеткіші.  Пастарының дәлдігі – 90 пайыз. Орташа ойын индексі – 244. Маусымда жеті рет үздіктер құрамасына енді.

Оң жақ қорғаушы: Абзал Бейсебеков, «Астана»

Абзал Бейсебеков өз позциясында барлық қарсыластарынан басым түсті. Қорғаныс пен шабуылды қатар алып жүрген футболшының пастарының дәлдігі 82 пайызды құрады.  Орташа ойын индексі – 241. Маусымда он екі рет үздіктер құрамасына енді.

Орталық жартылай қорғаушы: Ласло Кляйнхайслер, «Астана»

Венгрия құрамасының ойыншысы маусым бойы орталық алңда үздік ойын көрсетті. Ласло допты тартып алу, жылдам пас жеткізе білу бойынша шеберлігін дәледей алды. Бес рет нәтижелі пас шығарып, пастарының дәлдігін 90 пайызға жеткізді. Орташа ойын индексі – 234. Маусымда жеті рет үздіктер құрамасына енді.

Сол жақ жартылай қорғаушы: Андрей Аршавин, «Кайрат»

Андрей Аршавин спорттық ғұмырындағы соңғы маусымында теңдессіз өткізді. Кез келген қимылымен ойынның тағдырын шеше алатын футболшы 9 рет көзге түсіп, 15 рет әріптестеріне шешуші пас жеткізді.  Орташа ойын индексі – 221. Маусымда алты рет үздіктер құрамасына енді.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушылар: Бактиер Зайнутдинов, «Астана»; Бауыржан Исламхан, «Қайрат»

«Астанада» алғашқы маусымын өткізген Бактиер Зайнутдинов бәсекелестікке төтеп бере алды. Әртүрлі позицияда ойнаған футболшы әмбебаптығы мен табандылығының арқасында жүктелген міндетті абыроймен атқарып шықты. Жас футболшы қорғаныста қарсыластың ізінен қалмай, шабуылда ойынды қолға алу арқылы көзге түсті. Маусымда бес гол соғып, екі нәтижелі пас шығарды. Ең жақсы қасиеті – пастарының шеберлігі әрі ұқыптылығы. Пастарының дәлдігі – 84 пайыз. Орташа ойын индексі – 228. Маусымда сегіз рет үздіктер құрамасына енді.

Бауыржан Исламхан маусымда үш гол соғып, бес нәтижелі пас шығарды. «Қайраттың» капиатынының ойыны командадағы әріптестерінің сенімін молайтты. Әр ойында кем дегенде 4,9 рет қарсыласын алдады. Пастарының дәлдігі – 84 пайыз. Орташа ойын индексі – 218. Маусымда алты рет үздіктер құрамасына енді.

Оң жақ жартылай қорғаушы: Марин Томасов, «Астана»

Марин Томасовтың ешқандай осал тұсы жоқ. Биыл ол «Астананың» әрбір шабуылына аралсты. Қақпаға бағыттаған соққылардың саны жоғары. Хорватиялық футболшының 99 соққысының 14-і голға айналды. Пас беру көрсеткіші де керемет – 15 нәтижеоі пас. Әр ойын сайын қарсыластың айып алаңына 4,7 пас шығарып отырды. Орташа ойын индексі – 252. Маусымда он екі рет үздіктер құрамасына енді.

Шабуылшы: Маркос Пиззелли, «Ақтөбе»

Армения құрамасының шабуылшысы маусымды өте жақсы өткізді. 18 гол соғып, үздік шабуылшы атанды. Сонымен қатар, Маркос тоғыз рет нәтижелі пас шығарды. Қақпаға тура бағытталағн соққылардың саны бойынша чемпионаттың көшбасшысы атанды. Олардың саны – 43. Орташа ойын индексі – 248. Маусымда он екі рет үздіктер құрамасына енді.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5088 )