РУС ҚАЗ
Қазақстан Кубогы
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАндрей Карпович: «Ықылас пен ынтамыз зор»

23 Қараша 2018, 14:54

 Испаниялық бапкер Карлос Алос қызметінен кеткеннен кейін «Қайрат» футболын клубын уақытша Андрей Карпович жаттықтыра бастады. Астанада өтетін финал жас бапкер үшін үлкен сынақ болғалы тұр.

 
- Футболшы ретінде Қазақстан Кубогында жеңіске жетуге екі рет жақын болдыңыз. Сіз үшін Астанада өтетін финалдың маңызы зор шығар?
 
- Әрине, әр жүлденің өз маңызы бар. Қазақстан Кубогын жеңіп алуға мүмкіндік мол. Жүлдеге қол жеткізу жалғыз менің қалауым емес. Команданың ортақ үміті.
 
- «Атырау» командасының әлсіз және мығым тұстарын атап өтсеңіз?
- «Атырау» - жақсы қарсылас. Чемпионаттағы турнир кестесіндегі жағдайға қарамастан, әр команда жақсы ойын көрсетуге ұмтылады. «Атырау» үшін Кубок финалында жеңіске жету Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіне қатысуға кепілдік береді. Сол себепті қарсылас ойынға жақсы дайындықпен келмек. Өткен жылғы финалда да лайықты қарсылық көрсеткен еді. «Атырау» футболшылары шабуылда өткір қимылдай алады. Ал, әлсіз тұстарын айту маған қиын. Қарсылас өзінің осал жерін жақсы біледі деп ойлаймын.
 
- Маусымға қандай баға бересіз? Көп ой салды ма?
- Ұзақ әрі тартысқа толы маусым болды. Үлкен жеңістермен сәтсіздіктер қатар жүрді. Кубок жолында жас футболшылар жақсы қырынан танылды. Финалға шығу – басты көрсеткіш.
 
- Сіздің шәкірттеріңіз финалда қарсыластарынан қандай жолмен басым түсе алады?
- Жас ерекшелегі мен ойын тәжірибесі жағынан «Атырауға» есе жіберуіміз мүмкін. Алайда, ықылас пен ынтамыз зор. Жігіттердің көздерінде от жанып тұр. Шешуші сынға қара тердің арқасында жеттік. Соңғы қадамды сәтті аяқтау маңызды. Жанкүйерлерге қуаныш сыйлауға ұмтыламыз! 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5054 )