ЖаңалықтарМарин Томасов голы - қараша айының үздігі
21 Қараша 2018, 10:11

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Чемпионатының қазан айының үздік голы авторын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.
Жанкүйерлер таңдауына «Астана» жартылай қорғаушысы Марин Томасовтың «Қайрат» пен «Ертіс» қақпасына соққан голдары ұсынылды.
Дауыс беру қорытындысы:
1. Марин Томасовтың «Қайрат» қақпасына соққан голы – 80,95% дауыс;
2. Марин Томасовтың «Ертіс» қақпасына соққан голы – 19,05% дауыс.
Маусымның үздік голы атағына үміткерлердің барлығы анықталды.