РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар «Тобыл» қола жүлдемен марапатталды

13 Қараша 2018, 14:30
Қостанайда 2018 жылғы Қазақстан Чемпионатының қола жүлдегері «Тобылды» марапаттау рәсімі өтті. 
 
Облыстық филармонияда өткен салтанатты шараға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, жанкүйерлер мен әртістер қатысты. Олардың арасында қазақ эстрадасының жұлдызы Нұрлан Абдуллин де болды. 
 
Қазақстан футбол федерациясы Президенті кеңесшісі Сейілда Байшақов футболшылар мен жаттықтырушыларға, сонымен қатар клуб жетекшілігіне жүлделерді табыс етті. 
 
«Тобылдың» капитаны Нұрбол Жұмасқалиев жиналғандар алдында сөз сөйлеп, облыс жетекшілігі мен жанкүйерлерге алғысын жеткізді. Сонымен қатар, тәжірибелі ойыншы карьерасын аяқтағанын да жариялады. 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5034 )