РУС ҚАЗ
Екінші лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЕкінші лига. Қазан айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды

09 Қараша 2018, 10:00
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Екінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің қазан айындағы үздік бапкері мен ойыншысын анықтады.
 
Сауалнама Екінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді. 
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
Екінші лиганың қазан айындағы ең үздік ойыншы -  Рамазан Кәрімов, «Астана М». Шабуылшы қатарынан төрт ай ең үздік ойыншы атағын иеленіп отыр. 
 
Екінші лиганың қазан айындағы ең үздік бас бапкері - Файзолла Ордабаев, «Академия Оңтүстік».
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5026 )