РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарСаят Жұмағали голы - қазан айының үздігі

05 Қараша 2018, 09:40

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Чемпионатының қазан айының үздік голы авторын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.

Қазан айының үздік голы атағына үш үміткер болды. Оның екеуі «Ақтөбе» ойыншылары - Саят Жұмағали және Сильва Рейнальдо. Үшіншісі - «Астана» ойыншысы Марин Томасов.
 
Дауыс беру Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайыт мен «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі @pflkaz парақшасында өтті.
 
Қазан айының үздік голы атағына «Ақтөбе» қорғаушысы Саят Жұмағали ие болды. Оны сауалнамаға қатысқандардың  50,3% қолдады.
 
Үздік үштік келесідей:
1. Саят Жұмағали голы (Ақтөбе – Астана) – 2080 дауыс;
2. Марин Томасов голы (Астана - Ордабасы) – 1089 дауыс;
3. Силва Рейнальдо голы (Ақтөбе - Қызыл-Жар СК) – 966 дауыс.
 
Саят Жұмағали голы маусым қорытындысы бойынша үздік голды анықтайтын сауалнамаға қатысады. 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5015 )