РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарБірінші лига - 2018 клубтары арасындағы біріншіліктің қорытындысы

04 Қараша 2018, 19:52

4 қараша күні Бірінші лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінің 2018 жылғы маусымның шешуші туры өтті. 

Биыл турнирге 12 команда қатысып, әрқайсысы 33 ойыннан өткізді.
 
Бірінші орынды «Оқжетпес» жеңіп алды. Оның еншісінде 74 ұпай. 67 ұпай жинаған «Тараз» футбол клубы жарысты екінші орында аяқтады. Қос команда да келесі маусымда Премьер-лигаға қатысуға мүмкіндік алды.
 
Жүлделі үштікті 65 ұпай жинаған «Қыран» түйіндеді. Бұл жетістік шымкенттік ұжымға Премьер-лигаға жолдама беретін өтпелі ойындарға қатысуға мүмкіндік береді. 
 
Ереже бойынша «Қыран» алғашқы ойынды 16 қараша күні өз алаңында өткізеді. Қарымта ойын 20 қараша күні сырт алаңда өтеді. 
 
Турнирдің ең нәтижелі ойыншысы - «Қыран» шабуылшысы Абылайхан Махамабетов, 20 гол.
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига клубтарын маусымның аяқталуымен құттықтайды!

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5014 )