РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Астананы» тамаша нәтижесімен құттықтайды!

26 Қазан 2018, 07:56

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы отандық футбол клубтарының ұжымының атынан елордалық «Астананы» УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі тамаша нәтижесімен құттықтайды!

«Астана» футболшылары сырт алаңда Чехияның «Яблонец» команадсымен кездесті. Алаң иелері жылдам есеп ашқан еді. Алайда, қазақстандық клубтың ойыншылары таразы басын лезде теңестіре алды. Тең ойыннан кейін «Астана» өз тобында бес ұпаймен бірінші орынды сақтап қалды.

Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы үш ойында елордалық клуб қазақстандық футбол жанкүйерлеріне қуанышты көңіл-күй сыйлады. «Астана» футбол клубына жаңа жеңістер тілейміз!
 
УЕФА Еуропа Лигасы 2018/2019, К тобы, 3 тур
«Яблонец» (Чехия) – «Астана» (Қазақстан) - 1:1 (1:1)
Голдар: Поважанец 4 (1:0), Энрике 11 (1:1)
26 қазан. Яблонец-над-Нисоу. «Стржельнице».

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4987 )