РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • 1XBET WINTER CUP
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Кубогы
  • Суперкубогы

ЖаңалықтарМарин Томасов голы – Премьер-лиганың 30-турының үздігі

25 Қазан 2018, 10:03

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың отызыншы турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.

Өткен турда 9 гол соғылды. 

Сауалнама Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі  @pflkaz парақшасында өтті. 

Жанкүйерлерге «Астана» футболшысы Марин Томасовтың «Ордабасы» қақпасына соққан голы ұнады. Оның голына сауалнамаға қатысқандардың 41 пайызы жауап берді.
 
Үздік үштік келесідей:
1. Марин Томасов голы (Астана - Ордабасы) – 1315 дауыс; 
2. Александр Марочкин голы (Ертіс - Қайсар) – 562 дауыс; 
3. Аденидже Бабатунденің екінші голы (Атырау - Ақжайық) – 338 дауыс. 

Марин Томасов қазан айының үздік голы сауалнамасына қатысады.
 

PFLK TV