РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Еуропа лигалары» қауымдастығының Бас ассамблеясына қатысты

22 Қазан 2018, 12:14

Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен «Еуропа лигалары» қауымдастығының кезекті Бас ассамблеясына Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев қатысты.

Жиынның делегаттары УЕФА-ның жаңа реформаларын талқылады. Оның ішінде 2021/2022 жылғы маусымнан бастап құрлықтық турнирлерді өткізудің форматын өзгерту, іріктеу кезеңі мен топтық жарыстарды ұйымдастырудың жаңа әдістері, сонымен қатар, жаңа клубтық турнирді құру тақырыбы қозғалды.

Қауымдастық мүшелері еурокубок турнирлеріндегі футбол клубтарының соңғы нәтижелерінің ұпайын есептеуге қатысты жаңа жүйені бірауыздан қолдады. Рейтинг құруда алпауыт командалардың тарихи жетістіктері есептелмейтін болады. Бұл әдіс соңғы маусымдарда табысты нәтиже көрсетіп жүрген жас ұжымдарға жол ашады. Өйткені, олар жеребе тарту рәсімінде жоғары себетке орналаса алады. Өзгерісті жетекші еуропалық лигалардың қолдауы да маңызды болып отыр. Ұсыныстар УЕФА-ның Атқарушы комитетінің отырыстарына жіберілді.

Қауымдастық қатарына жаңадан үш лига қосылды. Тізімге Чехия, Латвия және Литва елдерінің кәсіби футбол клубтарының бірлестіктері енді. Сонымен қатар, барлық Еуропа елдерінде киберфутбол жобасын дамыту бастамасы да сөз болды.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4979 )