РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарПремьер-лиганың 28-турының үздіктер құрамасы

03 Қазан 2018, 15:10

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың жиырма сегізінші турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:

Қақпашы: Дмитро Непогодов, «Тобыл»   

«Ордабасымен» өткен ойында өте сенімді ойнаған қақпашы Дмитро Непогодов қарсыластың үш соққысын қайтарып, үш рет қақпадан шығып сәтті шешім қабылдады. Ойын индексі  – 301.

Сол жақ қорғаушы: Дмитрий Шомко, «Астана»

«Жетісумен» өткен кездесуде Дмитрий Шомко қорғаныс пен шабуылды қатар алып жүрді. Елордалық қорғаушының пастарының дәлдігі 82 пайызды құрады. Қарсыластың айып алаңына төрт рет нақты пас шығарды. Кездесудің соңында Марин Томасовқа керемет нәтижелі пас тастады. Ойын индексі – 242.

Орталық қорғаушылар: Юрий Логвиненко, «Астана»; Александр Кислицын, «Ертіс»

Юрий Логвиненко жетісулық футболшылардың айып алаңына енуге ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Допқа таластың 81 пайызында басым түсті.  Ойын индексі – 288.

Келесі маусымда Премьер-лигадағы орынды сақтап қалу үшін күрес жүргізген қос команданың ойынында Александр Кислицын сенімді ойнап, өз командасына үлкен үлес қосты.  Ойын индексі – 282.

Оң жақ қорғаушы: Ян Вороговский, «Қайрат»

Ян Вороговский қарсыластарың шабуылдаушы ойыншыларын тоқтата алды. Қорғаныста көп еңбек атқарған футболшы шабуылды да ұмытпады. Пастарының дәлдігі – 84 пайыз. Ойын индексі – 272.

Орталық жартылай қорғаушылар: Ласло Кляйнхайслер, «Астана»; Магамед Парагульгов, «Қайрат»

«Жетісумен» болған ойында Ласло Кляйнхайслер еш қателеспеді. Венгриялық футболшы бірнеше рет шабуылға араласты. Марин Томасовтың гол соғуына жағдай жасады. Пастарының дәлдігі – 95 пайыз. Ойын индексі – 326.

Магамед Парагульгов ойын басында есеп ашып, кейін Исаэльге нәтижелі пас қалдырды. Шабуылды ұйымдастыруға көп үлес қосқан футболшы қараусыз қалған 20 допты иемдені кетті. Пастарының дәлдігі – 90 пайыз. Ойын индексі – 288.

Сол жақ жартылай қорғаушы: Марин Томасов, «Астана»

Өткен турда Марин Томасов белсенді ойнады. Кездесудің соңына қарай хорватиялық вингер үш минуттың ішінде екі гол соқты.  Ойын индексі – 274.

Оң жақ жартылай қорғаушы: Исаэль, «Қайрат»

Жексенбі күні Исаэль керемет нәтиже көрсетті. Қарсыластың қорғанысына маза бермеген бразилиялық футболшы төрт нәтижелі комбинацияға қатысып, екі рет гол соқты. Instat көрсеткіші бойынша турдың ең үздік көрсеткішіне ие болды – 330.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Георгий Жуков, «Қайрат»

Георгий Жуков ойынды жоғары деңгейде өткізді. Ойында гол соққан футболшының дәл пастары 88 пайызды құрады. Ойын индексі  – 267.

Шабуылшы: Адеринсола Эсеола, «Қайрат» 

Жылдам әрі ұшқыр Эсеола қарсыластың қорғанысына тыныштық бермеді. Украиналық шабуылшы алғашқы таймда нәтижелі пас шығарып, екінші таймда гол соқты. Ойын индексі – 281.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4945 )