РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарБірінші лиганың 28-турының үздіктер құрамасы

03 Қазан 2018, 10:07

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің жиырма сегізінші турының үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:

Қақпашылар: Дмитрий Колбунцов, «Жетісу Б»

«Таразбен» өткен кездесуде Дмитрий Колбунцов өте сенімді ойнады. 22 жастағы «Жетісу Б» қақпашысы бес рет қауіптің бетін қайтарып, қақпасын голдан құтқарып қалды. Ойын индексі – 286.

Орталық қорғаушылар: Әлібек Қасым, «Қайрат А», Алдан Балтаев, «Байқоңыр»; Елжас Сарбай, «Байқоңыр»

«Каспиймен» өткен кездесуде Әлібек Қасым әр ойын сәтін соңына дейін аяқтап отырды. 20 жастағы алматылық қорғаушы нәтижелі пастың авторы атанып, пастарының дәлдігін 88 пайызға жеткізді. Ойын индексі – 258.

«Ақтөбе-Жаспен» ойында алаңға шыққан Алдан Балтаев қарсыластарын қапы қалдырды. Қызылорда футбол мектебінің түлегі допқа таластың 81 пайызында жеңіске жетті. Пастарының дәлдігі – 93 пайыз. Ойын индексі – 276.

Елжас Сарбай да ақтөбелік шабуылшылардың адымын аштырмады. Жас қорғаушы әуедегі допқа таласта жеті рет жеңіске жетті. Қарсыластың добын 5 рет, пасын 4 рет тартып алды. Ойын индексі – 255.

Орталық жартылай қорғаушылар: Виталий Гошкодеря, «Оқжетпес»; Руслан Дүйсенбаев, «Байқоңыр»

«Мақтаралмен» болған ойында Виталий Гошкодеря орталық алаңда жақсы ойын көрсетті. Украиналық футболшының пастарының дәлдігі – 81 пайыз. Кездесудің соңынада көзге түсіп, ойынға нүкте қойды. Ойын индексі – 320.

«Байқоңырдың» капитаны жақсы ойын өткізді. Руслан Дүйсенбаев допқа таластың 69 пайызында жеңіске жетіп, қараусыз қалған допты 17 рет иеленіп кетті. Пастарының дәлдігі – 85 пайыз. Ойын индексі – 270.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушылар: Максим Котов, «Қайрат А»; Самат Балымбетов, «Байқоңыр»

Сырт алаңда «Каспиймен» өткен кездесуде Максим Котов екі гол соқты. Оның голдары «Қайратты» жеңілістен құтқарып қалды. Ол алдымен алыстан тепкен соққысымен қақпашыны қапы қалдырды. Кейін он бір метрлік айып добын мүлтіксіз орындады. Жас плеймейкер қарсыластарын үш рет алдап өтіп, пастарының дәлдігін 67 пайызға жеткізді. Ойын индексі – 242.

«Ақтөбе-Жаспен» ойында Самат Балымбетов команданың негізгі күшіне айналды. «Байқоңырдың» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы пенальтиден гол соғып, қарсыластың айып алаңына 6 рет дәл пас шығарды. Пастарының дәлдігі – 84 пайыз. Ойын индексі – 256.

Шабуышылар: Бекзат Жақсыбайұлы, «Жетісу Б»; Санат Жұмаханов, «Оқжетпес»; Өркен Махан, «Байқоңыр»

«Таразбен» өткен ойында Бекзат Жақсыбайұлы жақсы қырынан танылды. Қарсыластарын үш рет сәтті алдап өтіп, қақпаға үш рет тура соққы бағыттады. Кездесу тағдырын шешіп, жетісулықтарға жеңіс сыйлаған жалғыз голды соқты. Ойын индексі – 264.

Санат Жұмаханов кезекті рет сұрмергендік қасиеті мен шабуылды ұйымдастыру қабілетін көрсетті. Екі гол соғып, бір нәтижелі пас шығарды. Оның үздік құрамасындағы орнына дауласуғада болмайды. Турдың ең үздік ойыншысының көрсеткіші - 353.

«Байқоңырдың» жылдам шабуылшысы «Ақтөбенің» қорғанысын жиі мазалады. Өркен берген пастардың дәлдігі – 82 пайыз. Кездесудің соңында өз мүмкіндігін жібермей, гол соқты. Ойын индексі – 285.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4944 )