РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАбат Айымбетов голы – Премьер-лиганың 28-турының үздігі

03 Қазан 2018, 09:44
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма сегізінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
 
Өткен жексенбі күні соғылған 14 голдың жартысы «Қайрат» пен «Ақтөбе» матчында тіркелді. Сол ойында алаң иелері 6:1 есебімен жеңіске жетті.
 
Сауалнама Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі  @pflkaz парақшасында өтті. 
 
Жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы бойынша өткен турдың ең үздік голы атағына «Ақтөбе» шабуылшысы Абат Айымбетовтің соққан добы лайық деп танылды. Оның  «Қайрат» қақпасына соққан голы 2445 дауыс жинады.
 
Үздік үштік келесідей:
1. Абата Айымбетов голы (Қайрат – Ақтөбе) – 2445 дауыс;
2. Тимур Мульдинов голы (Қызыл-Жар СК - Қайсар) – 265 дауыс;
3. Таңат Нөсербаев голы (Тобыл - Ордабасы) – 247 дауыс.
 
Абат Айымбетов соққан голға жақын арада өтетін  «Қыркүйек айының үздік голы» сауалнамасында дауыс беруге болады. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4943 )