РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарТимур Мулдинов голы – Премьер-лиганың 26-турының үздігі

19 Қыркүйек 2018, 17:41

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма алтыншы турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.

Өткен турда жанкүйерлер тоғыз голдың куәсі болды. Оның біреуі сауалнамаға қатыспады. Өйткені, пенальтиден салынған болатын. 
 
Сауалнама қорытындысы бойынша «Қызыл-Жар СК» капитаны Тимур Мулдинов топ жарды. Шабуылшының соққан голы сырт алаңда қызылжарлық футболшыларға жеңіс әкелді. Оның голына сауалнамаға қатысқандардың жартысы дауыс берді - 50,59%.
 
Үздік үштік келесідей:
1. Тимур Мулдинов голы (Ертіс – Қызыл-Жар СК 0:1) – 257 дауыс;
2. Еркебұлан Нұрғалиев голы (Қайрат - Ақжайық 0:1) – 81 дауыс;
3. Ника Квеквескири голы (Тобыл – Жетісу 2:2) – 52 дауыс.
 
Тимур Мулдинов добы «Қыркүйек айының үздік голы» сауалнамасына қатысады.
 
 

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4912 )