РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан кәсіпқой футбол лигасының кезекті жиыны өтті

07 Қыркүйек 2018, 16:07

Астанада Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мүшелерінің кезекті жиыны өтті.

Қатысушылар Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау (сертификация) және аттестациялау департаментінің директоры Ержан Мұсабеков пен Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының директоры Арсен Іңкәрбековтің баяндамасын тыңдады.

Күн тәртібіндегі маңызды сұрақтардың бірі Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Ревизиялық комиссиясының жаңа мүшелерін таңдау болды.

Қатысушылар қазақстандық футболдың тәрбиеленушілері саналмайтын, яғни, шетелдік футболшылардың жасына шектеу қоюды енгізу жобасын талқылады. Сонымен қатар, 2019 жылғы маусымдағы Екінші Лиганың форматының өзгерістері келісілді. Келесі жылдан бастап біріншілік «Оңтүстік-Батыс» және «Солтүстік-Шығыс» аймақтық конференцияларына бөлінеді.

 
Клуб жетекшілері басқосуда Қазақстан Кубогының финалы өтетін стадионды таңдады. «Атырау»-«Қайрат» матчы Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы стадионда өтетін болды. Қосалқы нұсқа ретінде  «Астана Арена» стадионы белгіленді.


Кездесу аяқталған соң клуб жетекшілері УЕФА Ұлттар Лигасының ашылу ойыны - Қазақстан мен Грузия матчын тамашалады.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4891 )