РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар «Астана» футбол клубы Еуропа Лигасында ойнайды

15 Тамыз 2018, 08:20
Загребте УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Динамо» мен елордалық «Астана» матчының қарымта кездесуі өтті. Ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Екінші таймда кездесудегі жалғыз голды «Динамо» шабуылшысы Марио Гавранович соқты. Астанада өткен алғашқы ойында қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. 
 
«Астана» футбол клубы еурокубок жолындағы жарысты Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде жалғастырады. Плей-офф кезеңінде «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль) – АПОЭЛ (Кипр) жұбының жеңімпазымен жолығады. Елордалық команда алғашқы ойынды сырт алаңда 21 тамыз күні өткізеді. Қарымта ойын 30 тамыз күні Астанада болады. 
 
Кәрі құрлықтағы жарыс жолын алматылық «Қайрат» жалғастырады. Бейсенбі күні алматылық футболшылар өз алаңында Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік беретін қарымта кездесуде Чехияның «Сигма» командасын қабылдайды. Ойын жергілікті уақытпен 20:00-де басталады. 
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Астана» мен «Қайрат» футбол клубтарына УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алуын тілейді!
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4833 )