РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Қайрат» сырт алаңда «Сигмадан» жеңілді

10 Тамыз 2018, 00:59

УЕФА Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Чехияның «Сигма» командасына жол берді - 0:2.

Оломоуцта өткен тартысты ойында алаң иелері кездесудің жиырмасыншы минутында алға шықты. Теңбіл допты қақпаға дарытқан Мартин Сладки болатын. Бірінші таймның соңына қарай «Қайрат» қорғаушысы Ғафуржан СҮйімбаев алаңнан қуылды. Екінші таймның басында ойыншылар санының басымдығын пайдаланған «Сигма» екінші голын соқты. Есепті еселеген Вацлав Пиларж еді. Бірнеше минуттан соң екінші ескертуін алған чех Михал Вепрек алаңнан қуылып, ойыншылардың саны теңесті. Алайда, «Қайрат» ойыншылары қарсыластың қорғанысын бұза алмады. Есеп - 2:0. 
 
«Қайрат» пен «Сигма» арасындағы қарымта кездесу 16 тамыз күні Алматыда өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 20:00-де басталады.  
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы маңызды ойында жанкүйерлерді алматылық командаға қолдау көрсетуге шақырады!
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4824 )