РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарБірінші лига. Шілде айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды

08 Тамыз 2018, 16:19
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің шілде айындағы үздік бапкері мен ойыншысын анықтады.
 
Сауалнама Бірінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді. 
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей: 
 
Бірінші Лиганың шілде айындағы ең үздік ойыншысы - «Қыран» жартылай қорғаушысы Алибобо Рахматуллаев.
 
Бірінші Лиганың шілде айындағы ең бас бапкері - Нүркен Мазбаев, «Тараз» футбол клубы.  
  

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4820 )