РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар «Астана» өз алаңында «Динамо Загреб» командасына есе жіберді

08 Тамыз 2018, 07:25
Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Астана» өз алаңында «Динамо Загреб» командасын қабылдап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. 
 
«Астана Арена» стадионына жиналған жанкүйерлер өте тартысты ойынның куәсі болды. Хорватиядан келген қонақтар бірінші таймның аяғына қарай есеп ашты. Гол соққан Марио Будимир. Екінші таймның ортасында Даниэль Ольмо есепті еселей түсті. 
 
Қарымта кездесу 14 тамыз күні Хорватияда өтеді. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады. 
 
УЕФА Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» сынға түседі. Бейсенбі күні алматылық команда сырт алаңда Чехияның «Сигма» командасымен ойнайды. Кездесу Астана уақытымен 23:00-де басталады. 
 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4817 )