РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарПремьер-лиганың 21-турының үздіктер құрамасы

07 Тамыз 2018, 17:52

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың жиырма бірінші турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:

Қақпашы: Антон Цирин, «Қызыл-Жар СК»

«Ертіспен» өткен жеңісті ойында Антон Цирин өз күшіне сенді. Қақпашы қарсыластың бес добын қайтарып, үш рет сейв жасады. Жеті рет қақпадан шығып, сәтті ойын көрсетті. Ойын индексі - 275.

Сол жақ қорғаушы: Ғафуржан Сүйімбаев, «Қайрат»

Қарағандыда қорғаныстан сенімді ойын көрсетіп, шабуылда белсенді болған ойыншы – Ғафуржан Сүйімбаев. Қорғаушы қарсыластың қақпасына бес рет доп тепті. Пастарының дәлдігі – 245.

Орталық қорғаушылар: Пабло Фонтанелло, «Ордабасы»; Юрий Логвиненко, «Астана»

Пабло Фонтанелло «Тобылға» қарсы сенімді ойнап, еш қателік жібермеді. Шымкенттік ұжымның негізгі қорғаушысы 90 пайыз дәл пас тастады. Қарсыластың пасын 12 рет тоқтатты. Ойын индексі – 263.

Ақтөбеде Юрий Логвиненко жеке міндетін толықтай атқарып шықты. «Астана» қорғаушысы әуедегі допқа таласта үш рет жеңіске жетіп, ақтөбеліктердің жеті пасын тоқтатты. Пастарының дәлдігі – 93 пайыз. Ойын индексі – 249.

Оң жақ қорғаушы: Руслан Есімов, «Ертіс»

«Қызыл-Жар СК» командасымен болған кездесуде Руслан Есімов айып алаңына келген доптардың барлығын қайтарып отырды. Ойыннан кейінгі көрсеткіші жаман емес. Ойын индексі – 273.

Орталық жартылай қорғаушылар: Абдуллай Диакате, «Ордабасы»; Джаба Канкава, «Тобыл»; Родриго Антонио, «Ертіс»

Абдуллай Диакате тағы да атқарған жұмыстарының көлемімен көзге түсті. Қостанайда сенегалдық жартылай қорғаушы допқа таластың 82 пайызында жеңіске жетті. Пастарының дәлдігі – 87 пайыз. Ойын индексі – 241.

«Ордабасымен» ойында Джаба Канкава орталық алаңды жұдырығында ұстады. Ол қарсыластың қарқына төтеп беріп, қорғаушыларға көмектесті. Грузиялық ойыншының пастарының дәлдігі 94 пайызды құрады. Ойын индексі – 263.

Қызылжарда Родриго Антонио қарсыластың шабуылын бірнеше рет бұзды. Португалиялық футболшы командасының шабуылын ұйымдастыруға да үлгеріп отырды. Пастарының дәлдігі – 86 пайыз. Ойын индексі – 251.

Сол жақ жартылай қорғаушы: Роман Муртазаев, «Астана»

Роман Муртазаев өте сапалы ойынын Ақтөбеде өткізді. Оның ашық аймаққа шығарған пасынан кейін Рангело Янга гол соқты. Сонымен қатар, елордалық футболшы екі рет дриблинг қолданып, төрт рет шешуші пас шығарды. Пастарының дәлдігі – 80 пайыз. Ойын индексі – 270.

Оң жақ жартылай қорғаушы: Марат Хайруллин, «Атырау»

«Қайсарға» қарсы атыраулықтардың ойыны Марат Хайруллин арқылы құрылды. Шабуылды ұйымдастырып, алғы шепте белсенді болған футболшы бірінші таймда нәтижелі пастың авторы атанды. Кездесу соңында ұрымтал сәтті мүлт жібермеген жартылай қорғашы алаң иелеріне үш ұпай сыйлады.  Мұнайшылардың капитаны турдың үздік ойыншысы атанды. Ойын индексі – 292.

Шабуылшы: Жасұлан Молдақараев, «Ордабасы»

Жасұлан Молдақараев бұрынғы клубын қарсы екі есе ынтамен алаңға шықты. Шабуылшы әрдайым қарсыластың қақпасына соққы бағыттауға тырысты. Гол соға алмады. Алайда, нәтижелі пас шығарып берді. Сонымен қатар, Жасұланның берген пастарының дәлдігі 83 пайызға жетті. Ойын индексі – 234. 

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4816 )