РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар «Астана» мен «Қайраттың» еурокубоктың плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды

06 Тамыз 2018, 17:58
УЕФА штаб-пәтері Ньон қаласында Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды. 
 
Жеребе қорытындысы бойынша «Астана» футбол клубы үшінші айналымда Хорватияның «Динамо» командасынан басым түссе, топтық кезеңнің жолдамасы үшін Швейцарияның «Янг Бойз» командасымен жолығады. Елордалық клуб алғашқы ойынды сырт алаңда 21 немесе 22 тамыз күні, қарымта кездесуді өз алаңында 28 немесе 29 тамыз күні өткізуі мүмкін. 
 
«Астана» Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінен аса алмаған жағдайда, онда Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде жарысты жалғастырып, «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль) – АПОЭЛ (Кипр) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Астаналықтар бұл ойынды сырт алаңда бастауы ықтимал. 
  
«Қайрат» футболшылары Чехияның «Сигма» командасын ұтқан жағдайда, Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде «Севилья» (Испания) – «Жальгирис» (Литва) жұбының жеңімпазымен жолығады. Екі ойыннан тұратын кездесу Алматыда басталуы мүмкін. 
 
Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы ойындары 21 тамызға, қарымта кездесулері 30 тамызға жоспарланған. 
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ел намысын халықаралық аренада қорғайтын «Астана» мен «Қайрат» футболшыларына сәттілік тілейді!
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4811 )