РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарОлжас Абраев: «Астананың» табысымен баршаңызды құттықтап, «Қайратқа» сәттілік тілеймін!

02 Тамыз 2018, 08:58

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті «Астана» футбол клубы мен барша қазақстандық жанкүйерлерді елордалық клубтың УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шығуымен құттықтады. 

 
- Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының атынан барша отандық футболдың жанашырларын, «Астана» жанкүйерлерін және елордалық ұжымды Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шығуымен құттықтаймын!
 
«Астана» мен Данияның «Митьюлланд» командасы арасындағы тартысты барша халық тамашалады. Елордадағы «Астананың» жарқын жеңісі де қарымта кездесудің алдында естен кетпеді. 
 
Бүгін түнде Хернинг қаласында «Астана» ұтқыр ойынымен және келесі кезең жолдамасымен тағы да жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Алаң қонақтары мәртебесіне қарамастан, өте белсенді ойнап, Дания футболшыларынан басымдық танытты. Қорғаушылар мен қақпашының да еңбегін бөле-жара көрсеткен жөн. Тең есеп «Астананың» әрі қарай жарысты жалғастыруына мүмкіндік берді. 
 
Екі ойынның қорытындысы бойынша «Астана» футбол клубы сапалы ойын көрсетіп, алға қойылған міндеттерді орындай алатын ұжым екенін дәлелдеді. Ел намысын халықаралық аренда абыройымен қорғап жүрген елодалық клубтың жеңісті жолы әрі қарай жалғасады деп сенеміз. 
 
Келесі кезеңде елордалық футболшылар Хорватияның ең мықты ұжымы «Динамо Загреб» командасымен кездеседі. 
 
Бүгін еурокубок ойындарында алматылық «Қайрат» сынға түседі. «АЗ Алкмаар» командасымен өтетін қарымта кездесу – үлкен сынақ. Алайда, «Қайрат» футболшыларының оң нәтижеге қол жеткізетініне сенім мол. Барша ел біздің командаға қолдау көрсетеді! 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4801 )