РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарОлжас Абраев: Қазақстандық жанкүйерлерді «Қайрат» пен «Тобылдың» керемет жеңісімен құттықтаймын!

26 Шілде 2018, 23:50

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынындағы «Қайрат» пен «Тобыл» клубтарының жарқын жеңістерімен жанкүйерлерді құттықтады: 

 
- Барша жанкүйерді УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынындағы «Қайрат» пен «Тобыл» клубтарының керемет жеңісімен құттықтаймын! Алматылық «Қайрат» атақты голландиялық қарсыласынан толықтай басым түсті. Алаң иелері ойынды ұйымдастыру, жасыл алаңдағы қозғалыс, допқа тартыс және жеңіске деген жігерінің арқасында оң нәтижеге қол жеткізді. Алматылық жанкүйерлер стадионға жиналып, футбол мерекесін ұйымдастырды. Ал, футболшылар керемет ойын мен тамаша голдарды сыйға тартты. 
 
«Тобыл» футболшылары да жақсы ойын өрнегімен жанкүйерлерді қуантып тастады. Арменияның «Пюник» командасымен өтетін қарымта кездесудің алдында жақсы нәтижеге қол жеткізді. Қостанай қаласындағы Орталық стадион лық толы болды. Жанкүйерлер қолдауын аямады. 
 
Осы аптада отандық футбол сүйер қауым керемет көңіл-күйде болды. «Астана», «Қайрат» және «Тобыл» командалары жарқын жеңістерімен футбол мерекесін сыйлады. Стадионға жиналып қолдау білдірген жанкүйерлерге де мың алғыс.
 
Барша Қазақстан қарымта кездесуден жақсы жаңалықты асыға күтетін болады! 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4784 )