РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Қазақстан Кубогы
  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарОлжас Абраев: Еуропа Лигасының ойындарында «Қайрат» пен «Тобылға» барлығымыз қолдау көрсетейік!

26 Шілде 2018, 09:58
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Президенті барша жанкүйерлерді УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде ойнайтын алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобылға» қолдау көрсетуге шақырады.
 
- Бүгін «Қайрат» пен «Тобылды» өте маңызды әрі жауапты ойын күтіп тұр. Екі ұжым да Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңін өз алаңдарында бастайды. Қазақстандық жанкүйерлер бірігіп, стадионға жиналуы тиіс. Біздің клубтар қарымта кездесу алдында жақсы нәтижеге қол жеткізулері қажет. Бүгін барлығымыз бірге Еуропа Лигасының ойындарында «Қайрат» пен «Тобылға» қолдау көрсетейік!
 
«Қайрат» жанкүйерлері әрқашан ерекше қолдау көрсетеді. Алматыда голландиялық «АЗ Алкмаар» командасына қарсы жергілікті жанкүйерлер қызу қолдау білдіретіні анық. «Қайрат» футбол клубының матчты жоғары деңгейде ұйымдастыра алатынын да атап өткен жөн. Орталық стадионда жанкүйер үшін қолайлы жағдай жасалған. Сол себепті сүйікті футболшыларының ойынын тамашалауға мүмкіндік мол. 
 
Қостанайлықтар туған клубының Еуропадағы табысынан жақсы хабардар. «Тобыл» тарихы терең. ТМД елдері арасында Интертото Кубогын жеңіп алған жалғыз клуб. «Тобыл» футболшылар халықаралық аренада тарихи ойындар өткізді. Олар Еуропаның екінші турнирінде осы уақытқа дейін бес рет ойнаған. Алайда, алғашқы айналымнан аса алмаған болатын. Жақында да ғана осы белесті бағындырды. Тарихтың жаңа парағын ашып, әрі қарай жанкүйерлерге қуаныш сыйлауға мүмкіндік бар. 
 
«Аз Алкмаар» мен «Пюник» командалары салмақты қарсыластар. Алайда, «Қайрат» пен «Тобыл» өз алаңында жергілікті жанкүйерлердің қолдауына сенім артады. Жанкүйерлер қолдауының орны бөлек. Өйткені, жанкүйерлер әрқашан команданы алға сүйреп, қолдау білдіреді. 
 
Еурокубок ойындары барлық жанкүйерлерді бір арнаға біріктіреді. Бүгін кешке «Қайрат» пен «Тобыл» ел қолдауына үміт арта алады! Кез келген Қазақ футболының жанашыры олардың тағдырына алаңдайды. Алдағы ойында қос командаға сәттілік тілейміз! 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4781 )