Жаңалықтар«Тобыл»-«Пюник» матчын ПФЛК-ТВ жобасы тікелей эфирде көрсетеді
25 Шілде 2018, 12:03

Бейсенбі, 26 шілде күні, Қостанайда УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында «Тобыл» мен Арменияның «Пюник» командалары кездеседі.
ПФЛК-ТВ жобасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Көрсетілім елорда уақытымен 20:50-де басталады. Ойын Қазақстан, Армения және Ресей аумағында көрсетіледі.