Жаңалықтар «Қайрат» пен «Тобылдың» ықтималды қарсыластары белгілі болды
23 Шілде 2018, 18:14

Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
«Тобыл» футбол клубы екінші айналымнан өтсе, «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) – «Раднички» (Ниш, Сербия) жұбының жеңімпазымен кездесуі мүмкін.
«Қайрат» екінші айналымнан сүрінбей өтсе, чехиялық «Сигма» командасымен ойнайды.
Қостанайлықтар алғашқы ойында өз алаңында, ал алматылықтар сырт алаңда ойнауы мүмкін.
Үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары 9 тамызға, қарымта кездесулері 16 тамызға жоспарланған.
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы еурокубок жолында «Қайрат» пен «Тобылға» сәттілік тілейді!
Тағы жаңалықтар
-
«Каспий» ФК өз алаңындағы келесі екі ойынды көрермендерсіз өткізеді
-
Бірінші Лиганың ХІ турының «Қайрат-Жастар» - «Астана Ж» ойынының өту күні өзгерді
-
Ұлар Жақсыбаев: «Жеке марапаттарға ие болу әрқашан жағымды, бірақ командалық жетістіктер бәрінен де маңызды»
-
Горовенко мен Филиповичқа үздік бапкер және ойыншыға арналған сыйлықтары табысталды