РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар Премьер-лиганың 17-турының үздіктер құрамасы

09 Шілде 2018, 16:45
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың он жетінші турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:
 
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Сұлтан Бұсырманов, «Тобыл»
 
22 жастағы қостанайлықтардың қақпашысы чемпионат көшбасшысына қарсы сенімді ойын көрсетті. Сұлтан Бұсырманов қарсыластың қауіпті екі соққысын қайтарып, қақпасына гол жібермеді. Ойын индексі – 242.
 
Сол жақ қорғаушы: Валентин Чуреев, «Қайсар»
 
Сол қапталда Валентин Чуреев мұқият ойын көрсетіп, «Ордабасы» ойыншыларының шабуыл ұйымдастыруына мүмкіндік бермеді. Қорғаушының допқа талас көрсеткіші – 87 пайыз. Пастарының дәлдігі де 87 пайызды құрады. Ойын индексі – 241.
 
Орталық қорғаушылар: Фернандер Кассай, «Тобыл»; Евгений Постников, «Астана»
 
«Астанамен» өткен тең ойында Фернандер Кассай өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Елордалық футболшылар қақпашына көп мазалай алмады. Сол себепті африкалық қорғаушының еңбегін бағаламау мүмкін емес. Пастарының дәлдігі – 88 пайыз. Ойын индексі – 249.
 
«Астананың» қорғанысынында да толық тәртіп орнады. Олардың ішінде ең үздігі Евгений Постников болды. «Тобылмен» өткен ойында қорғаушы әуедегі допқа таластың барлығында жеңіске жетті. Жалпы саны – 11. Пастарының дәлдігі – 93 пайыз. Ойын индексі – 259.
 
Оң жақ қорғаушы: Ян Вороговский, «Қайрат»
 
Ян Вороговский оң қапталда көп еңбек атқарды. Сауатты қорғанып, шабуылға шығып та үлгерді. «Қайрат» қорғаушысы нәтижелі пастың авторы атанды. Ойын индексі – 266.
 
Орталық жартылай қорғаушылар: Мантас Куклис, «Жетісу»; Фредди Коронель «Қызыл-Жар СК»
 
«Жетісу» капитаны он жетінші турда жақсы ойын көрсетті. Айып алаңына жеті рет тура пас шығарды. Қарсыластың добын 8 рет тоқтатып, 14 рет қараусыз қалған допты иемденіп кетті. Пастарының дәлдігі де жоғары – 81 пайыз. Ойын индексі – 265.
 
Өткен турда Фредди Коронель маусымдағы үздік ойындарының бірін көрсетті. Парагвайлық футболшыны голы қызылжарлықтарға көптен күткен үш ұпайды алып берді. Пастарының дәлдігі – 74 пайыз.
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Андрей Аршавин, «Қайрат»
 
Андрей Аршавин өткен турдың ең үздік ойыншысы атанды. Алматылық команданың ойыншысы нағыз бабында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Гол соғып, екі рет нәтижелі пас шығарды. Ойын индексі – 324.
 
Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Шота Григалашвили, «Қызыл-Жар СК»
 
«Ақтөбемен» өткен ойында Шота Григалашвили команда үшін жұмыс істейді. «Қызыл-Жар СК» командасының барлық шабуылы грузиялық футболшы арқылы жүзеге асырылды. Ойын индексі – 235.
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Исаэль, «Қайрат»
 
Өткен турда Исаэль шабуылды түйіндеудің шеберлігін көрсете білді. Ол екі сәтте гол соғып, дубль авторы атанды. Сонымен қатар, бразилиялық шебер төрт рет қарсыласн алдап өтіп, пастарының санын 84 пайызға жеткізді. Ойын индексі – 242.
 
Шабуылшы: Момоду Сисей, «Қызыл-Жар СК»
 
«Қызыл-Жар СК» сапында алғашқы ойынын өткізген Момоду Сисей жақсы ойынымен есте қалды. Гамбиялық шабуылшы үзілістен кейін алаңға шығып, гол соқты. Керемет техникасы және ақылды ойымен трибунаға жиналған жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Ойын индексі – 248.
 
 
 

 

 

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4736 )