РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарМаркос Пиззели голы – Премьер-лиганың он алтыншы турының үздігі

04 Шілде 2018, 10:51
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың он алтыншы турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
 
Өткен турда отандық футболдың жанкүйерлері 19 голдың куәсі болды. Жанкүйерлер таңдауы бойынша өткен турдың ең үздік голын «Ақтөбе» шабуылшысы Маркос Пиззели соқты. «Шахтермен» өткен кездесуде Маркос Пиззели дубль авторы атанған. Оның кеншілердің қақпасына соққан екінші голына жанкүйерлер дауыс берді. Гол жанкүйерлердің 54% дауысын жинады.
 

Үздік үштік келесідей:

1. Маркос Пиззеллидің екінші голы (Ақтөбе – Шахтер) – 54% дауыс;
2. Бауыржан Исламхан голы (Қайсар – Қайрат) – 31% дауыс;
3. Дмитрий Шомко голы (Астана - Ордабасы) – 12% дауыс.
 
Маркос Пиззелли «Шілде айының үздік голы» атағына үміткерлердің алғашқысы болып отыр.
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4726 )