РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • UBET-Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарРоман Муртазаев голы – Премьер-лиганың он бесінші турының үздігі

27 Маусым 2018, 10:52
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың он бесінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
 
Өткен демалыс күндері Премьер-лига командалары 18 гол соқты. Үш гол пенальтиден соғылса, біреуі - автогол. 
 
Футбол жанкүйерлері өткен турдың ең үздік голы деп екі астананың дербиінде гол соққан  «Астана» шабуылшысы Роман Муртазаевтің голын таңдады. Сауалнамаға қатысқандардың 56 пайызы дауыс берді.
 
Үздік үштік келесідей:
1. Роман Муртазаева голы (Қайрат – Астана) – 56% дауыс;
2. Маркос Пиззеллидің бірінші голы (Тобыл – Ақтөбе) – 36% дауыс;
3. Шота Григалашвили (Жетісу - Қызыл-Жар СК) – 4% дауыс.
 
Роман Муртазаев голы алдағы уақытта өтетін маусым айының үздік голы сауалнамасына қатысады. 
 

PFLK TV