РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарБірінші лиганың он төртінші турының үздіктер құрамасы

25 Маусым 2018, 15:17
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің он төртінші турының үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Данил Подымский, «Алтай»
 
«Мақтааралмен» болған кездесуде Данил Подымский жеңіске көп үлес қосты. Ол қарсыластың төрт соққысын қайтарып, қақпадан шығып ойнау сәтінде жақсы қырынан танылды. Ойы ниндексі – 264.
 
Сол жақ қорғаушы: Дмитрий Зверев, «Екібастұз»
 
«Таразбен» болған тең ойында Дмитрий Зверев қорғаныста жақсы ойнады. Шабуылға араласып, нәтижелі пастың авторы атанды – 223.
 
Орталық қорғаушылар: Ренат Абдулин, «Оқжетпес»; Дилшат Мұсаев, «Алтай»
 
«Оқжетпес» ойыншылары «Каспиймен» өткен кездесуде көздеген мақсаттарына жетті. Әсіресе, қорғаушылар сенімді ойнады. Қорғаныстың көшбасшысы Ренат Абдулин жақсы статистикалық көрсеткішерге ие болды. Ойын индексі – 233.
 
«Мақтаарал» командасының шабуылшыларына Дилшат Мұсаев төтеп бере алды. Қорғаушы әуедегі допқа жақсы таласты. Ойын индексі – 234.
 
Оң жақ қорғаушы: Виктор Крюков, «Оқжетпес»
 
Виктор Крюков «Каспиймен» болған кездесуде қорғаныста сенімді ойнады. Пастарының дәлдігі – 88 пайыз. Ойын индексі – 201.
 
Орталық қорғаушы: Ойбек Балтабаев, «Алтай»
 
Ойбек Балтабаев орталық алаңда жылдам қимылдап, ойынның қарқына төтеп бере алды. Жартылай қорғаушы бір рет нәтижелі пас шығарды. Ойын индексі – 265.
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Мұхит Жақсылық, «Оқжетпес»
 
Көкшетаулықтардың ойынын жүргізуге ұмтылған 19 жастағы Мұхит Жақсылық ерекше көзге түсті. Төрт рет шешуші пас шығарып, төрт мақсатты пас тастады. Футболшы бес рет керемет дриблинг қолданды. Ойын индексі – 256.
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Руслан Сахалбаев, «Оқжетпес»
 
Руслан Сахалбаев өз командасының үш ұпай алуына үлкен үлес қосты. Оның матчтан кейінгі статистикалық көрсеткіштері өте жоғары болды. Футболшы шешуші голдың соқты. Ойын индексі – 280.
 
Шабуылшылар: Самат Сәрсенов, «Қайрат А»; Дәурен Қайқыбасов, «Алтай»; Аслан Еркен «Екібастұз»
 
«Қайраттың» соққан үш голына да Самат Сәрсенов араласты. Алдымен Малонданың гол соғуына көмектесті. Кейін екі гол соғып, дубль авторы атанды. Пастарының дәлдігі – 92 пайыз. Ойын индексі – 278.
 
«Мақтааралдың» қорғанысы Дәурен Қайқыбасовты тоқтата алған жоқ. «Алтайдың» жылдам футболшысы бір таймның ішінде хет-трик жасап, турдың ең үздік ойыншысы атанды. Ойын индексі – 386.
 
«Тараз» қақпашысын екі рет қапы қалдырған Аслан Еркен үздіктер құрамасына енді. Сонымен қатар, футболшының пастарының дәлдігі 86 пайызды құрады. Ойын индексі – 294.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4699 )