РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар Бірінші лиганың он үшінші турының үздіктер құрамасы

22 Маусым 2018, 10:10

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің он үшінші турының үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады: 

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Илья Сотник, «Екібастұз»
 
«Каспиймен» өткен кездесуде Илья Сотник қақпасына гол жібермеі, команданың жеңіске жетуіне көмектесті. Ол қақпаға төнген қауіпті төрт соққыны қайтарды. Ойын индексі – 244.
 
Сол жақ қорғаушы: Ескендір Қыбырай, «Қайрат А»
 
«Таразбен» болған ойында қорғаныста жақсы ойнап, шабуылға шығуға қысылмаған қорғаушылардың бірі - Ескендір Қыбырай. Кездесудің соңында қарсыластың қақпасын дәл көздеген футболшының ойын индексі – 228.
 
Орталық қорғаушылар: Азат Жұмкенов, «Каспий»; Олег Пасеченко, «Мақтаарал»
 
«Каспий» командасы «Екібастұзға» жеңілгенімен, қорғаушы  Азат Жұмкенов қорғаныста жақсы ойын көрсетті. Оның статистикалық көрсеткеші қорғаушылардың арасында турдың үздік нәтижесі болып тіркелді. Пастарының дәлдігі – 91 пайыз. Ойын индексі – 246.
 
«Шахтер-Болатпен» болған ойында «Мақтаарал» сапында Олег Пасеченко сенімді ойынымен көзге түсті. Қорғаушы айып алаңына қарсыластарын жібермеді. Допқа таласу көрсеткіші 10-10. Ойын индексі  – 228.
 
Оң жақ қорғаушы: Александр Стародубов, «Қайрат А»
 
Александр Стародубов ойында қорғаныс пен шабуылды қатар алып жүрді. Екі нәтижелі пастың авторы атанған футболшының ойын индексі – 228.
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Тимур Байжанов, «Тараз»
 
Жасыл алаңда 60 минут ойнаған Тимур Байжанов жақсы қырынан танылды. Бес рет шешуші пас шығарып, бір рет нәтижелі пастың авторы атанды. Ойын индексі – 263.
 
Орталық жартылай қорғаушылар: Самат Балымбетов, «Байқоңыр»; Предраг Говедарица «Тараз»
 
«Оқжетпеспен» өткен ойында Самат Балымбетов екі гол соғып, бір рет нәтижеліс пас шығарды. Жартылай қорғаушы өте жақсы ойын көрсетті. Ойын индексі
– 216.
 
Алматыда өткен кездесуде Предраг Говедарица көп жұмыс атқарып, салапы ойын көрсетті. Пастарының дәлдігі – 92 пайыз. Ойын индексі – 228.
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Ельмар Набиев, «Мақтаарал»
 
«Шахтер-Болатпен» болған ойында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген Ельмар Набиев керемет ойнады. Вингер шабуылда командаластарына өткір пас шығарумен айналысты. Үш рет қарсыласын алдап өтті. Пастарының дәлдігі – 86 пайыз. Ойын индексі – 251.
 
Шабуылшылар: Самат Сәрсенов, «Қайрат А»; Қуаныш Бегалин, «Мақтаарал»
 
Самат Сәрсенов екі ойын қатарынан дулбь авторы атанып, нәтижелі пас шығарды. «Таразбен» өткен кездесуде өз командасына көп үлес қосты. Пастарының дәлдігі – 90 пайыз. Жас шабуылшы турдың ең үздік футболшысы атанды. Ойын индексі -359.
 
«Шахтер-Болат» қорғаушыларын мазалаған Қуаныш Бегалин бір гол соғып, бір нәтижелі пас шығарды. Команда жеңіске жетті. Ойын индексі – 239.
 
 

 

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4692 )