РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Қайрат», «Ертіс» және «Тобыл» клубтарының Еуропа Лигасындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

20 Маусым 2018, 16:30

 УЕФА-ның штаб-пәтерінде 2018/2019 жылғы Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Биыл Еуропа Лигасына Қазақстан атынан алматылық «Қайрат», павлодарлық «Ертіс» және қостанайлық «Тобыл» қатысады.

Жеребе қорытындысы бойынша «Қайрат» футболшылары «Энгордани» (Андорра) – «Фольгоре» (Сан-Марино) жұбының жеңімпазымен кездеседі. «Ертіс» командасы «Сефн Друидс» (Уэльс) – «Тракай» (Литва) жұбының мықтысымен жолығады. «Тобылдың» екі ойыннан тұратын кездесудегі қарсыласы -  грузиялық «Самтредия».

УЕФА Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің матчтары 12 және 19 шілде күндері өтеді. Жеребеге сәйкес қазақстандық командалар турнирді сырт алаңнан бастайды.

Сонымен қатар, отандық клубтардың екінші айналымдағы ықтимал қарсыластары да белгілі болды.

«Қайрат» командасы голландиялық «АЗ Алкмаар» командасымен кездесуі мүмкін. Алматылық ұжым алғашқы айналымнан сүрінбей өтсе, екінші айналымдағы алғашқы ойынды өз алаңында өткізеді.

«Ертіс» футболшылары екінші айналымға шыққан жағдайда «Рудар» (Черногория) – «Партизан» (Сербия) жұбының жеңімпазымен күш сынаспақ. Алғашқы ойын сырт алаңда өтеді.

«Тобыл» командасы екінші айналымда шықса, онда «Пюник» (Армения) – «Вардар» (Македония) жұбының жеңімпазымен ойнайды. Қостанайлықтар алғашқы ойынды өз алаңында қабылдайды.

УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің матчтары 26 шілде мен 2 тамыз күндеріне жоспарланған. 

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы халықаралық аренада ел намысын қорғайтын барлық клубтарға сәттілік пен жеңіс тілейді!

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4685 )