РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • Бiрiншi лига
  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар УЕФА Чемпиондар лигасында «Астананың» қарсыласы анықталды

19 Маусым 2018, 18:10

УЕФА-ның штаб-пәтері Ньон қаласында 2018/2019 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының бірінші және екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстан чемпионы «Астана» мықты ұжымдардың үшінші тобында болды. Жеребе қорытындысы бойынша елордалық ұжымға Черногорияның үш дүркін чемпионы «Сутьеска» (Никишич қаласы) қарсылас атанды.

Кәрі құрлықтың ең беделді турнирінің алғашқы іріктеу кезеңінің ойындары 10/11 шілдеде Астанада және 17/18 шілдеде Черногорияда өтеді.

Елордалық клуб алғашқы айналым сүрінбей өтсе, УЕФА Чемпиондар лигасының екінші айналымында Дания чемпионы «Митьюлланд» командасымен жолығады. Бірінші ойын 24 немесе 25 шілде күні Астанада өтуі мүмкін. Қарымта ойын 31 шілде немесе 1 тамызға Хернинг қаласында жоспарланған.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Астана» футбол клубына халықаралық аренада табыс тілейді!

  

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4682 )