РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • Қазақстан Кубогы
  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарБірінші лиганың он екінші турының үздіктер құрамасы

15 Маусым 2018, 16:55

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің он екінші турының үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:

Қақпашы: Ярослав Багинский, «Оқжетпес».

«Мақтааралмен» өткен ойында жақсы ойын көрсеткен Ярослав Багинский қақпасына гол жібермеді. Қақпашы екі соққыны қайтарып, төрт рет қақпадан шығып сәтті ойнады. Ойын индексі – 228.

Сол жақ қорғаушы: Сағадат Тұрсынбай, «Тараз».

«Каспиймен» өткен кездесуде Сағадат Тұрсынбай жақсы қырынынан танылды. Пастарының дәлдігі 82 пайызды құрады. Кездесудің соңында гол соқты. Ойын индексі – 276.

Орталық қорғаушылар: Нұрлан Дайыров, «Оқжетпес»; Серік Сағындықов, «Жетісу Б».

Өткен турла Нұрлан Дайыров өзіне артылған міндеттердің барлығын орындап шықты. Көкшетаулықтардың қорғанысы сыр бермеді. Сонымен қатар, қорғаушы кездесуде соғылған жалғыз голға пас шығарып берді. Ойын индексі – 231.

«Шахтер-Болатпен» өткен ойында Серік Сағындықов қорғаныста сенімді ойнап, кездесудің соңында айып соққысынан қарсыластың қақпасын дәл көздеді. 34 жастағы ойыншының ойын индексі – 232.

Оң жақ қорғаушы:  Мадияр Нұралы, «Тараз».

Мадияр Нұралы қорғаныста мінсіз ойнап, шабуылды үнемі қолдап отырды. «Каспийдің» айып алаңына бес рет пас шығарып, оның біреуі голға ұласты. Ойын индексі – 274.

Орталық жартылай қорғаушылар: Бекзат Бейсенов, «Тараз».

«Каспиймен» өткен кездесуде Бекзат Бейсенов орталық алаңның қожайынына айналды. Пастарының дәлдігі – 86 пайыз. Ақтаулықтардың қақпасына айып соққысынан гол салды. Ойын индексі – 266.

Сол жақ жартылай қорғаушы: Мартин Малондо, «Қайрат А».

«Қайраттың» нәтижелі екі шабуылына араласқан футболшы - Мартин Малондо. «Ақтөбе-Жаспен» өткен ойында алдымен Самат Сәрсеновтің гол соғуына көмектесіп, кейін Акмаль Бақтияовтан алған допты қақпа торына дарытты. Ойын индексі – 236.

Оң жақ жартылай қорғаушы: Акмаль Бақтияров, «Қайрат А».

«Ақтөбе-Жас» қорғанысына маза бермеген футболшылардың бірі - Акмаль Бақтияров. Ойында екі рет нәтижелі пас шығарып, бір гол соқты. Сонымен қатар, қарсыластарын төрт рет алдап өтті. Ойын индексі – 246.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Абзал Таубай, «Тараз».

Абзал Таубай ойыны өткен турдың көркін келтірді. Шебер дриблинг, шешуші пастар, қақпаға бағытталған соққылардың саны. Соның барлығы тараздық футболшының еншісіне жазылды. Гол соғып, төрт рет қақпаға тура соққы бағыттады. Төрт рет нақты пас шығарып, жеті рет қарсыластарын алдап кетті. Пастарының дәлдігі – 75 пайыз. Ойын индексі – 288.

Шабуылшылар: Самат Сәрсенов, «Қайрат А»; Темірлан Әлмұрзаев, «Жетісу Б».

«Ақтөбе-Жаспен» болған ойында Самат Сәрсеновтің еңбегін бағаламау мүмкін емес. Шабуылшы ойында екі рет мергендік танытты.  Ойын индексі – 278.

Темірлан Әлмұрзаев та дубль жасап, Теміртауда өткен ойынның қаһарманы атанды. Талдықорғандық шабуылшы өте жақсы ойынымен есте қалды. Ойын индексі – 287.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4676 )