РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЖолдастық кездесулердегі Қазақстан клубтарының футболшыларының ойындарына шолу

11 Маусым 2018, 14:34

Қазақстандық клубтардың ойыншылары өздерінің ұлттық құрамаларының сапында кезекті ойындарын өткізді. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жанкүйерлерге өткен жолдастық кездесулерден шолу ұсынады.

 
Қазақстан – Әзірбайжан 3:0
 
Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды 3:0 есебімен ұтып, жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Станимир Стоилов шәкірттері жолдастық кездесуде қарсыласының қақпасына жауапсыз үш гол соқты. «Астана» ойыншылары Роман Муртазаев, Серікжан Мужиков және Бактиер Зайнутдинов мергендік танытты. Сонымен қатар, елордалық команданың жеті футболшысы Ненад Эрич, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко мен Алексей Щеткин ойынға қатысты. Алматылық «Қайраттың» бес ойыншысы - Ғафуржан Сүйімбаев, Бауыржан Исламхан, Ян Вороговский, Исламбек Қуат және Георгий Жуков те үлестерін қосты. «Ордабасыдан» Еркебұлан Тұңғышбаев пен «Тобылдан» Бауыржан Тұрысбек алаңға шықты.
 
 
Люксембург – Грузия 1:0
 
Грузия құрамасы сырт алаңда Люксембург футболшыларына есе жіберді. Қазақстан құрамасының Ұлттар Лигасындағы қарсыласының қатарында қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Джаба Канкава мен шымкенттік «Ордабасының» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Джамбули Джигаури ойынға қатысты. Екі футболшы да алаңға алғашқы минуттан бастап шықты. Канкава тоқсан минут түгел ойнап шықса, Джигаури кездесудің соңында алаңдағы орнын босатты. 
 
 
Литва – Латвия 1:1
 
Вильнюсте өткен «Балтық Кубогы» жолдастық турнирінде Литва құрамасы Латвиямен кездесіп, тең түсті - 1:1. Талдықорғандық «Жетісу» жартылай қорғаушысы Мантас Куклис Литва құрамасының сапында 83 минут ойнады. Ал «Тобыл» ойыншысы Артурас Жулпа қосалқы құрамда қалды.
 
 
Армения 0:0 Молдова
 
Армения мен Молдова құрамалары Австрияда өткен ойында жеңімпазды анықтай алмады. Кездесуде есеп ашылмады.  Армения құрамасында Қазақстан Премьер-лигасының екі футболшысы ойнады. Олар  –  «Жетісу» жартылай қорғаушысы Эдгар Малакян және «Ақтөбе» шабуылшысы Маркос Пиззелли. Армения құрамасының бас бапкері Вардан Минасян футболшыларды үзілістен кейін алаңға шығарды. 
 
 
Беларусь 1:1 Венгрия
 
Белаурсь пен Венгрия құрамаларының арасындағы кездесуге Қазақстан Премьер-лигасының бес футболшысы қатысты. Брест қаласында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. «Ертіс»  сапындағы беларусь футболшысы Сергей Кисляк алаңда 62 минут өткізді. Оның отандастары әрі «Астана» ойыншылары  Игорь Шитов пен Иван Маевский тоқсан минуттан тер төкті. Оларға Венгрия құрамасында Акош Элек («Қайрат») және Ласло Кляйнхайслер («Астана») қарсылық білдірді. Екі футболшы да алғашқы минуттан бастап алаңға шығып, екінші таймның ортасында ауыстырылды. 
 
Финляндия 2:0 Беларусь
 
Беларусь құрамасы кезекті жолдастық кездесуде Финляндияға есе жіберді. Беларусь қақпасына қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы ойыншысы Моштаг Ягуби гол соқты.  Игорь Шитов үзілістен кейін алаңға шықса, Сергей Кисляк алаңда 79 минут ойнады. 
 
 
Иран 1:0 Литва
 
Балтық жағалауының өкілі Ұлттар Лигасына дайындығын жалғастырып, кезекті жолдастық кездесуін Мәскеуде Иран құрамасына қарсы өткізді. Ойында ирандық футболшылар жеңіске жетті. Артурас Жулпа тоқсан минут ойнаса, Мантас Куклис матчтың аяқталуына үш минут қалғанда ауысты. 
 
 
Венгрия 1:2 Австралия
 
Сенбі күні Будапештте Венгрия және Австралия құрамалары күш сынасты. Кездесуде Австралия құрамасы басымдық танытты. Алаңда 66 минут ойын өткізген Ласло Кляйнхайслер көзге түспеді.
 
  
Фото: kff.kz, ffa.am, abff.by, mlsz.hu,vivaronews.com, gff.ge

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4668 )