РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар Мамыр айының үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды

07 Маусым 2018, 17:18
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысын таңдады.
 
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин мен «Ақтөбе» шабуылшысы Маркос Пиззелли бірдей ұпай (12) жинап, мамыр айының үздік ойыншысы атағын бөлісті.
 
Өткен турдың ең үздік бапкері атағын «Астана» жетекшісі Григорий Бабаян қатарынан үшінші рет иеленді. 

 

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4661 )