РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар Бірінші лиганың он бірінші турының үздіктер құрамасы

07 Маусым 2018, 10:19
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің он бірінші турының үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:
 
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
Үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Нұрымжан Салайдин, «Байқоңыр».
«Каспиймен» ойында қақпада сенімді тұрған Нұрымжан Салайдин«Байқоңырға» үш ұпай алып берді. Қақпашы ақтаулықтардың бес соққысын қайтарып, үш рет керемет сейв жасады. Ойын индексі – 238.
 
Сол жақ қорғаушы: Сергей Кейлер, «Қайрат А».
«Алтаймен» өткен кездесуде «Қайрат А» капитаны жақсы ойын көрсетті. Оның пастарының дәлдігі – 89 пайыз. Ойын индексі – 204.
 
Орталық жартылай қорғаушылар: Дмитрий Зверев, «Екібастұз»; Илья Воротников, «Тараз».
Дмитрий Зверев–«Екібастұз» қорғанысының көшбасшысы. Талдықорғанда өткен ойында қонақтардың қорғанысы сыр бермеді. Ойын индексі – 230.
«Мақтааралмен» өткен қиын кездесуде «Тараздың» қорғанысын тәртіп Илья Воротников келтірді. Сонымен қатар, қорғаушы жеңіс голын соқты. Ойын индексі– 252.
 
Оң жақ қорғаушы: Антон Куксин, «Оқжетпес».
Антон Куксин тағы да өз позициясында жақсы ойнай білді. Көкшетаулықтардың қорғаушысы қорғаныста ғана емес, шабуылда да белсенді қимылдады. «Қыранның» айып алаңына үш рет тура пас шығарды. Ойын индексі – 205.
 
Орталық жартылай қорғаушылар: Нұрсайын Жолдасов, «Қыран».
Нұрсайын Жолдасов «Қыранның» комибнацияларын бастап, пастарының дәлдігін 88 пайызға жеткізді. Шымкенттік команданың шабуылын ұйымдастырушы бір рет нәтижелі пас шығарды. Ойын индексі – 223.
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Асланбек Кәкімов, «Ақтөбе-Жас».
«Шахтер-Болатпен»өткен кездесудеАсланбек Кәкімовқарсыластарын жеті рет алдап өтті. Пастарының дәлдігі – 75 пайыз. Футболшы Премьер-лига мен Бірінші лиганың үздіктер құрамына енген алғашқы футболшы. Ойын индексі – 223.
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Қуаныш Кемалұлы, «Байқоңыр».
Жасыл алаңда жарқылдаған Қуаныш Кемалұлы қарсыластың қақпасына бірнеше мәрте соққы жасады. Кездесудің соңында нәтижелі пастың авторы атанды. Ойын индексі – 212.
 
Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Алексей Шакин, «Алтай».
«Қайрат А» командасымен кездесуде Алексей Шакин шешуші рөл атқарды. Ол алдымен бұрыштама добын қақпаға дарытып көзге түсті. Үзілістен соң тамаша пасымен Дәурен Қайқыбасовтың гол соғуына көмектесті. Ойын индексі – 246.
 
Шабуылшылар: Абылайхан Махамбетов, «Қыран»; Константин Дудченко, «Тараз».
«Оқжетпеспен» ойында Абылайхан Махамбетов «Қыранның» керемет комбинациясын тура соққымен түйіндеді. Шабуылшы қарсыласын үш рет алдап өтіп, пастарының дәлдігін 81 пайызға жеткізді. Ойын индексі – 220.
 
«Мақтааралдың» қорғанысын Константин Дудченко жиі мазалады. Алайда, ол гол соға алмады. Дегенмен, нәтижелі пастың авторы атанды. Ойын индексі – 240.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4660 )