РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарМамыр айының үздік голын таңдаймыз

06 Маусым 2018, 10:09

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2018 жылдың мамыр айында Қазақстан Чемпионатында соғылған үздік допты анықтау мақсатында сауалнама жүргізеді.

Өткен айда Премьер-лиганың ойындарында 84 гол соғылды. Әр турдан соң Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының сауалнамасы өткізіліп, жанкүйерлер үздік голдарды анықтады. Сегізінші турдың үздік голы болып «батыс дербиінде» Саша Марьяновичтің тура соққысы танылды. Тоғызыншы турда Исаэльдің «Ордабасы» қақпасына соққан керемет голы үздік атанды.

Оныншы турда Рейнальдоның «Ақжайық» қақпасына соққан екінші голы ең көп дауыс жинады. Он бірінші турда Бауыржан Исламханның голы үздік шықты. Он екінші турда тағы да Исаэль топ жарды. Он үшінші турдың ең әдемі голын Маркос Пиззели «Қайрат» қақпасына соқты. 

Мамыр айының үздік голы сауалнамасы 11 маусым күні сағат 12:00-де аяқталады. 

Төменде сауалнамаға қатысатын голдардың видеосы:
  

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4658 )