РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарПремьер-лиганың 13-турының үздіктер құрамасы

04 Маусым 2018, 18:06

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың он үшінші турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:

Қақпашы: Владимир Логиновский, «Атырау».

Мұнайшылардың қақпашысын кездесудің ең үздік ойыншысы деп атауға болады. Өйткені, ол Диакатенің он бір метрлік айып соққысын қайтарды. Кейін Виталий Лидің соққысын тойтарды. Ойын индексі – 261.

Сол жақ қорғаушы: Ғафуржан Сүйімбаев, «Қайрат».

Ғафуржан Сүйімбаев «Ақтөбемен» кездесуде жақсы ойнады. Ойыннан кейінгі статитстикалық нәтижелері де жаман емес. Төрт рет әуедегі доптқа таласып, жеңіске жетті. Қарсыластың айып алаңына үш рет нақты пас шығарды. Ойын индексі – 247.

Орталық қорғаушылар: Марин Аничич, «Астана»; Евгений Постников, «Астана».

«Астана» командасының орталық қорғаушылар жұбы Қызылордада жақсы ойын көрсетті. Екі футболшы да қорғаныста сауатты ойнап, шабуылды ұйымдастыруға көмектесті. Марин Аничич пастарының дәлдігі – 87 пайыз. Ойын индексі – 265. Евгений Постников пастарының дәлдігі – 88 пайыз. Ойын индексі – 268.

Оң жақ қорғаушы: Руслан Есімов, «Ертіс».

Руслан Есімовтің оң қапталдағы ойыны «Ақжайықтың» қарымта шабуылдарына жол бермеді. «Ертіс» қорғаушысының пастарының дәлдігі – 80 пайыз. Ойын индексі – 250.

Орталық жартылай қорғаушы: Иван Маевский, «Астана»;

Иван Маевский – елордалық ұжымның ойын жүйесін құрайтын футболшы. «Қайсармен» өткен ойын соның дәлелі. Пастарының дәлдігі – 89 пайыз. Ойын индексі – 257.

Сол жақ жартылай қорғаушы: Руслан Валиуллин, «Ақтөбе».

Руслан Валиуллин жылдамдығы мен белсенділігінің арқасында «Қайрат» қорғаушыларының мазасын алды. Ол үш рет тамаша дриблинг қолданып, үш рет шешуші пас шығарды. Пастарының дәлдігі де керемет – 84 пайыз. Ойын индексі – 262.

Оң жақ жартылай қорғаушы: Исаэль, «Қайрат».

Исаэль нағыз бабына енді. Өткен турда бразилиялық шебер ойынды шиеленістіріп, командасын алға сүйреді. Оның пасынан кейін Уго Сильвейра жеңіс голын соқты. Ойын индексі – 273.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, «Қайрат»; Эдгар Малакян, «Жетісу».

Алматылықтардың капитаны жылдам гол соқты. Үш рет қарсыласын алдап, айып алаңына екі рет тура пас жеткізді. Пастарының дәлдігі – 81 пайыз. Ойын индексі – 263.

«Шахтермен» өткен кездесуде Эдгар Малакян өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланып, талдықорғандықтарға үш ұпай алып берді. Пастарының дәлдігі - 86%. Ойын индексі – 255.

Шабуылшы: Маркос Пиззелли, «Ақтөбе».

Алматыда «Қайраттың» қорғанысын шаршатқан Маркос Пиззелли жалғыз өзі гол соғатын сәттер ұйымдастырып, екі рет қарсыластың қақпасын тура көздеді. InStat көрсеткіші бойынша «Ақтөбе» шабуылшысы турдың ең үздік ойыншысы атанды. Ойын индексі – 323.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4655 )