РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар Премьер-лиганың 11-турының үздіктер құрамасы

22 Мамыр 2018, 11:51
 
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың он бірінші турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:
 
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Дмитро Непогодов, «Тобыл».
 
Қостанайлық қақпашы Дмитро Непогодов маусымдағы кезекті сәтті ойынын өткізді. «Ордабасымен» болған кездесуде қақпашы қарсыластың бес соққысын қайтарып, екі рет қақпасын голдан құтқарды. Ойын индексі – 261.
 
Сол жақ қорғаушы: Дмитрий Шомко, «Астана».
 
Дмитрий Шомко кезекті рет жақсы ойын көрсетті. Оның «Ақтөбе» қақпасына салған голына стадионға жиналған жанкүйерлер орнынан тұрып қол соқты. Сонымен қатар, ол нәтижелі пастың авторы атанды. Ойын индексі – 290.
 
Орталық қорғаушылар: Марин Аничич, «Астана»;  Милош Стаменкович, «Ертіс».
 
Марин Аничич алғашқы пасты беру көрсеткіші бойынша Премьер-лига ойыншыларының үздіктер қатарына кіреді. Оның пастарының дәлдігі 91 пайызды құрады. Ойын индексі – 308.
 
«Қызыл-Жар СК» командасымен өткен кездесуде Милош Стаменкович бір гол соғып, бір нәтижелі пас шығарып, қорғаныста сенімді ойнады.  Серб футболшысының пастарының дәлдігі  – 86%. Ойын индексі – 264.
 
Оң жақ қорғаушы: Алдан Балтаев, «Қайсар».
 
Алдан Балтаев қорғаныстың оң қапталында көп еңбек атқарды.  Үш рет қарсыласын алдап өтіп, төрт рет айып алаңына пас жеткізді. «Қайсардың» қапталдағы қорғаушысының пастарының дәлдігі - 84%. Ойын индексі – 261.
 
Орталық жартылай қорғаушы: Сергей Кисляк, «Ертіс».
 
Тәжірибелі футболшы Сергей Кисляк үлгілі ойын көрсетті. Пастарының дәлдігі – 92 пайыз. Алты рет шешуші пас шығарып, айып алаңына жеті рет нақты пас жеткізді. Ойын индексі – 261.
 
Сол жақ жартылай қорғаушыКарлос Фонсека, «Ертіс».
 
Қызылжарлықтармен өткен кездесуде Карлос Фонсека бір позицияда ойнамады. Португалиялық футболшы алаңның кез келген жерінен қауіп төндірді. Жартылай қорғаушы ойын бойы қақпаға төрт рет соққы бағыттап, екі рет нәтижелі пастың авторы атанды. Дриблинг саны – 3. Пастарының дәлдігі – 73%. Ойын индексі – 253.
 
Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Павел Шабалин, «Ертіс».
 
Павел Шабалин соққан екі гол «Ертіс» командасына ірі жеңіске жетуге негіз болды. Өткен турда павлодарлықтардың шабуылы осы ойыншы арқылы құрылды. Жартылай қорғаушының пастарының дәлдігі – 80 пайыз. Ойын индексі - 272.
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Марин Томасов, «Астана».
 
Марин Томасов қарсыластың айып алаңына үнемі қысым көрсетіп отырды. Белсенділігінің арқасында төрт рет шешуші пас шығарып, бір гол соқты. Сонымен қатар, қарсыластарын 6 рет алдап өтті. «Астана» ойыншысының пастарының саны – 40 (тиімділігі – 75 пайыз). Ойын индексі – 291.
 
Шабуылшылар: Андрей Аршавин, «Қайрат»; Адеринсола Эсеола «Ақжайық».
 
Қарағандылық «Шахтер» болған кездесуде тәжірибелі ресейлік футболшы екі рет нәтижелі пас шығарды. Үш рет қарсыласын алдап, алты рет кеншілердің айып алаңына пас жеткізді.  Андрей Аршавин үздіктер құрамасынан осымен төртінші рет орын алып отыр. Ойын индексі – 245.
 
Адеринсола Эсеоланың «Ақжайық» сапында алғаш рет ойнап жатқаны байқалмайды. Ол жасыл алаңға шыққаннан бастап гол соғып, команданың негізгі ойыншысына айналды.  «Жетісу» командасына қарсы ойында шабуылшы екі рет қарсыластың қақпасын дәл көздеді. Турдағы ең жоғары ойын индексі – 318.
 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4623 )