РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарРейнальдо голы – Премьер-лиганың оныншы турының үздігі

18 Мамыр 2018, 15:31

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың оныншы турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.

Өткен турда командалар футбол жанкүйерлерін қызықты ойындарымен, күтпеген нәтижелерімен қуантты. Өткен турда соғылған голдардың санында шек болмады. Барлығы 18 гол соғылды. Оның екеуі пенальтиден, біреуі - автогол. 

Ресми сайтта жарияланған сауалнаманың қорытындысы бойынша «Ақтөбе» шабуылшысы Рейнальдо жеңіске жетті. Оның «Ақжайық» қақпасына салған екінгі голына сауалнамаға қатысушылардың 30% дауыс берді.

Үздік үштік келесідей:

1. Рейнальдоның екінші голы (Ақтөбе - Акжайык 5:3) – 30% дауыс;

2. Маркос Пиззеллидің бірінші голы (Ақтөбе - Ақжайық 5:3) – 24% дауыс;

3.  Маркос Пиззеллидің екінші голы (Ақтөбе - Ақжайық 5:3) – 15% дауыс.

Премьер-лиганың оныншы турының үздігі атанған Рейнальдоның голы  «Мамыр айының үздік голы» сауалнамасына қатысады.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4614 )