РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар Премьер-лиганың 9-турының үздіктер құрамасы

13 Мамыр 2018, 11:47
 
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың тоғызыншы турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:
 
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Дмитро Непогодов, «Тобыл».
 
Павлодарда өткен ойында Дмитро Непогодов жақсы ойын көрсетіп, «Ертіс» шабуылшыларының гол соғуына жол бермеді. Қақпашы Әмірханов пен Воменконың соққысын қайтарып, Смайловтың алыстан бағыттаған соққысынан кейін қақпасын гол құтқарып қалды. Украиналық футболшының қақпадан шығып ойнау көрсеткіші (4/4) жоғары және ол берген 32 пастың дәлдігі 94 пайызды құрады. Ойын индексі – 247.
 
Сол жақ қорғаушы: Дмитрий Шомко, «Астана».
 
Дмитрий Шомко әдеттегідей үлкен жұмыс атқарды. Допты әрқашан қарсыластың айып алаңына жеткізіп, матч соңында жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Пастарының дәлдігі – 77 пайыз. Үш рет сәтті дриблинг жасап, 8 рет қарсыластың айып алаңына пас жеткізді. Ойын индексі – 279.
 
Орталық қорғаушылар: Виктор Дмитренко, «Тобыл»; Евгений Постников, «Астана».
 
Өткен турда Виктор Дмитренко ұқыпты ойын көрсетті. Қостанайлық ұжымның орталық қорғаушысы 14 рет допқа таласып, оның 11-де жеңіске жетті. Қарсыластың пасын 10 рет жолын бөгеп, 88 пайыз дәл пас берді. Ойын индексі – 246.
 
Евгений Постников «Қызыл-Жар СК» командасына қарсы жақсы ойын өткізді. «Астана» доқа көп иелік етуіне байланысты қорғаушының статистикалық көрсеткіштері жоғары болды. Сол себепті пастардың саны мен сапасы бойынша турдің үздігі атанды. 92 пас – 95 пайыз. Сонымен қатар, допқа таласу көрсеткіші – 68 пайыз. Ойын индексі – 262.
 
Оң жақ қорғаушы: Ілияс Әмірсейітов, «Қайсар».
 
Ілияс Әмірсейітов қорғаныста өте сауатты ойнады. Қызылордалық «Қайсардың» қорғаушысы допқа таластың 70 пайызында жеңіске жетіп, берген пастарының дәлдігін 86 пайызға жеткізді. Қараусыз қалған допты 7 рет, қарсыластың пасын 10 рет қағып әкетті. Ойын индексі – 227.
 
Орталық жартылай қорғаушы: Иван Маевский, «Астана».
 
Қызылжарлық ойыншылар елордалық команданың айып алаңына жақындай алмады. Бұл - «Астана» жартылай қорғаушысының еңбегі.  Беларусь футболшысының статитстикасына келсек, 15 рет допты тартып алып, 8 рет қарсыластың пасын тоқтатып, 93 пайыз дәл пас берді. Ойын индексі – 255.
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Патрик Твумаси, «Астана».
 
Туған күнінде Патрик Твумаси өте белсенді қимылдады. Ганалық футболшы қызылжарлық команданың қақпасына төрт рет соққы бағыттап, төрт рет шешуші пас берді. Сонымен қатар, үш рет қарсыласын алдап өтті. Ойын индексі – 296.
 
Шабуылдаушы жартылай қорғаушылар: Матиас Курьор «Қайсар»; Исаэль «Қайрат».
 
Матиас Курьор өз командасының шабуыл шебінде көшбасшы болды. Оның соққан голы «Шахтермен» болған ойында жарқын жеңістің бастамасы болды. «Қайсар» футболшысы қарсыласын 8 рет алдап, 3 шешуші пас шығарды. Пастарының дәлдігі – 86 пайыз. Ойын индексі – 296.
 
«Ордабасымен» өткен ойында алматылық Исаэль ойынның ырғағын анықтайтын шешуші рөлді атқарды. Ол кездесуде соғылған екі голға да қатысты. Алдымен плеймейкер шебер соққысымен есеп ашып, кейін Уго Сильвейраның гол соғуына көмектесті. Бразилиялық футболшының пастарының дәлдігі – 81 пайыз. Ойын индексі – 272.
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Марин Томасов, «Астана».
 
Үзіліске дейін қарсыластың қарымын байқааған хорват екінші таймда шеберлік деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді. Марин Томасов нәтижелі пас пен голдың авторы атанды. Турдың ең пайдалы ойыншысының еншісінде үш шешу пас пен қарсыласын тоғыз рет алдап өту көрсеткіші бар. Ойын индексі – 339.
 
Шабуылшы: Маркос Пиззелли, «Ақтөбе».
 
Маркос Пиззелли ойында белсенділік танытып, «Жетісудің» қақпасы мен қорғаушыларын жиі мазалады. Шабуылшының пастарының дәлдігі 72 пайызды құрады. Сонымен қатар, айып алаңына 6 рет тура пас шығарып, қарсыластың қақпасына 4 рет соққы бағыттанды. Бұрыштама добынан бір нәтижелі пас шығарды. Ойын индексі - 219.  

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4600 )