ЖаңалықтарИсаэль голы – Премьер-лиганың тоғызыншы турының үздігі
12 Мамыр 2018, 10:56

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың тоғызыншы турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
Жанкүйерлер назарына өткен турда соғылған барлық 12 гол ұсынылып отыр. Турдың ең үздігі болып бразилиялық футболшы Исаэльдің «Ордабасы» қақпасына соққан голы танылды. «Қайрат» ойыншысы қарсыластың қақпасының «тоғыздығын» дәл көздеген болатын.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Исаэльдің голы 42 пайыз жинады.
Дауыс беру қорытындысы:
1. Исаэль голы (Қайрат - Ордабасы 2:0) – 42% дауыс;
2. Саша Марьянович голы (Ақтөбе - Жетісу 1:1) – 35% дауыс;
3. Марин Томасов голы (Астана - Қызыл-Жар СК 2:0) – 12% дауыс.
Исаэль голы мамыр айының үздік добын анықтайтын сауалнамаға қатысады.
Бейне
КПЛ-2020. 22 тур. «Жетысу» - «Каспий».
КПЛ-2020. 22 тур. «Тараз» - «Кайрат».
КПЛ-2020. 22 тур. «Окжетпес» - «Ордабасы».
КПЛ-2020. 22 тур. «Кызыл-Жар» - «Астана».
КПЛ-2020. 22 тур. «Шахтёр» - «Тобол».
КПЛ-2020. 21 тур. «Тобол» - «Тараз».
КПЛ-2020. 21 тур. «Кайсар» - «Кызыл-Жар».
КПЛ-2020. 21 тур. «Каспий» - «Шахтёр».
КПЛ-2020. 21 тур. «Жетысу» - «Астана».
КПЛ-2020. 20 тур. «Окжетпес» - «Тобол».