РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар Бірінші лиганың жетінші турының үздіктер құрамасы

11 Мамыр 2018, 16:12

 

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің жетінші турының үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:
 
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Олег Грубов, «Қайрат А».
 
Өткен турда «Қайрат А» қақпашысы Олег Грубов шеберлігін толықтай көрсетті. Сырт алаңда «Оқжетпеспен» өткен ойында көкшетаулық футболшылар бірнеше рет қауіп төндірді. Алайда, қақпашы қақпасын голдан құтқарып қалды. Жас қақпашы екі сейв жасап, төрт рет тура соққыны қайтарды. Қақпадан бес рет қатесіз шығып ойнады. Ойын индексі – 241.
 
Сол жақ қорғаушы: Дмитрий Зверев, «Екібастұз».
 
«Екібастұздың» жеңісініде Дмитрий Зверевтің еңбегін бағаламау мүмкін емес еді. «Шахтер-Болатпен» болған ойында қорғаушы допқа таластың 77 пайызында басымдық танытты. Дәл пастарының көрсеткіші 78 пайызды құрады. – 216.
 
Орталық қорғаушылар: Қуанышбек Орынтаев, «Ақтөбе-Жас»; Владимир Седельников, «Қыран».
 
«Каспиймен» өткен ойында Қуанышбек Орынтаев өзінің жақсы қаисеттерін көрсетуге ұмтылды. Нәтижесінде центрбек бір гол соқты. Үш рет (100 пайыз) допты қарсыласынан тартып алды. Қарсыластың пасын 14 рет қағып әкетті. Қорғаушылар арасында пастарының дәлдігі бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті – 90 пайыз. Ойын индексі – 232.
           
Владимир Седельников өткен турда қорғаныста сауатты ойынның үлгісін көрсетті. Орталық қорғаушы барлық тартыста (10/10) жеңімпаз атанды. Пастарының дәлдігі – 87 пайыз. Ойын индексі – 241.
 
Оң жақ қорғаушы: Асылбек Қанат, «Қыран».
 
19 жастағы Қанат жасыл алаңда тәжірибелі футболшылардан кем түспеді. Қорғаныста ойнайтын футболшы  допқа таласта жақсы көрсеткішке ие болды. 9 рет допты қарсыласынан тартып алып, қарсыластың пасын 13 рет үзді. Пастарының дәлдігі – 76 пайыз. Ойын индексі – 204.
 
Орталық жартылай қорғаушылар: Нұрсайын Жолдасов, «Қыран»; Адам Адахаджиев «Қайрат А».
 
Нұрсайын Жолдасов ойында ешқандай қателікке бой алдырмады. Хавбектің еншісінде үш шешуші пас, екі сәтті алдау, бес рет қарсыластың добын тартып және 13 рет қарсыластың пасын тоқтату көрсеткіштері жазылды. Нұрсайынның пастарының дәлдігі – 76 пайыз. Ойын индексі – 219.
 
«Оқжетпеске» қарсы жеңісті ойында Адам Адахаджиев өзінің міндеттерін толық атқарып шықты. Жартылай қорғаушы қарсыластың пасын 11 рет тоқтатып, қараусыз қалған допты 19 рет алып кетті. Оның пастарының дәлдігі 79 пайызды құрады. Ойын индексі – 209.
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Акмаль Бақтияров, «Қайрат А».
 
Көкшетауда өткен кездесуде Акмаль Бақтияров жақсы ойнады. Оның голы командаға үш ұпай алып берді. Сонымен қатар, вингер төрт рет тамаша дрибилинг қолданды. Әріптестеріне берген пастарының дәлдігі – 90 пайыз. Ойын индексі – 235.
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Алибобо Рахматуллаев, «Қыран».
 
«Қыран» қатарында ойнайтын өзбекстандық жартылай қорғаушы Алибобо Рахматуллаев командаластарына өте жақсы пастар шығарып, өткір қарымта шабуылдар ұйымдастырып Бірінші лиганың өткен турының ең пайдалы футболшысы атанды. Бір рет нәтижелі пастың авторы атанды. Бес рет шешуші пас беріп, қараусыз қалған допты 10 рет іліп әкетті. Қарсыласын 6 рет алдап өтсе, қарсыласы «Байқоңырдың» айып алаңына дәл жеткізген пастарының саны – 6. Ойын индексі — 261.
 
Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Рамазан Оразов, «Қайрат А»;
 
Көкшетауда өткен ойынның қорытындысы бойынша Рамазан Оразов жақсы әсер қалдырды. Плеймейкер екі рет дриблинг жасап, 79 пайыз дәл пас жеткізді. Ойын индексі – 215.
 
Шабуылшы: Абылайхан Махамбетов, «Қыран».
 
Шымкенттік команданың шабуыл түйіндеуші Абылайхан Махамбетов қарсыластың қорғанысын әрдайым мазалап отырды. Қарсыластың қақпасына жиі қауіп төндірген футболшы бір гол соқты. Сонымен қатар, форвард 4 рет қарсыласын сәтті алдап өтті. Ойын индексі – 241.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4597 )