РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар Андрей Аршавин «Сәуір айының үздік футболшысы» жүлдесін алды

10 Мамыр 2018, 16:34
Алматылық «Қайраттың» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Премьер-лиганың 9-турында «Ордабасымен» болған ойынның алдында «Сәуір айының үздік футболшысы» жүлдесін алды.
 
Құрмет наградасын Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев табыстады.
 
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Чемпионатының сәуір айындағы ең үздік бапкер мен футболшыны дауыс беру арқылы анықтаған болады. Премьер-лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша Андрей Аршавин ең көп дауыс жинады.
 
Андрей Аршавин сәуір айында алматылық ұжымның барлық төрт кездесуіне қатысып, шешуші рөл атқарды. Футболшы үш рет гол соғып, үш рет нәтижелі пастың авторы атанды.
 
Фото: «Қайрат» баспасөз қызметі

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4593 )