РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарМилан Радин голы – Премьер-лиганың жетінші турының үздігі

05 Мамыр 2018, 12:52
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың жетінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
 
Өткен турда көп гол соғылмады. Алайда, қақпа торынан табылған әр доптың құндылығын бағаламау мүмкін емес. 
 
Сауалнама ҚКФЛ ресми сайтында және «Вконтакте» әлеуметтік желісінің @pflkaz тобында өткізілді.  
 
Сауалнама нәтижесі бойынша «Ақтөбе» жартылай қорғаушы Милан Радиннің голы Премьер-лиганың жетінші турының үздік голы атанды. Солтүстік Қазақстан облысының «Қызыл-Жар СК» командасына қарсы кездесуде сербиялық хавбек «тоғыздықты» дәл көздеген болатын. 
 
Милан Радиннің голына дауыс берушілердің саны - 2255.
 
Дауыс беру қорытындысы:
1. Милан Радин голы (Ақтөбе-Қызыл-Жар СК) – 2255 дауыс;
2. Абат Айымбетов голы (Ақтөбе-Қызыл-Жар СК) – 717 дауыс;
3. Марат Хайруллин голы (Атырау-Жетісу) – 555 дауыс.
 
Милан Радин голы сәуір айының үздік добын анықтайтын сауалнамаға қатысады. Аталған сауалнама алдағы уақытта өткізіледі.
 
 
 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4578 )