РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар Сәуір айының үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды

05 Мамыр 2018, 11:08
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысын таңдады.
 
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
«Қайрат» футболшысы Андрей Аршавин 26 ұпай жинап, 2018 жылдың сәуір айында Премьер-лиганың ең үздік ойыншысы атанды.
 
Өткен айдың ең үздік бас бапкері атағын «Астана» тізгінін ұстаған Григорий Бабаян иеленді. Қатарынан екінші рет осы атақты иеленген бапкерге 12 әріптесінің жетеуі дауыс берген.
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4576 )