ЖаңалықтарФутбол клубтары мен төрешілер «Әділетті ойын» Меморандумына қол қойды

Футбол клубтарының жетекшілері мен қазақстандық төрешілер Меморандумға қол қойды. Құжаттың негізгі идеясы – әділ спорттық таластың қағидаттарын сақтау.
Құжатқа қол қою рәсімі Астанада Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы мүшелерінің Жалпы жиынында өтті.
Астана, 25.04.2018
Меморандум
Футбол клубтары мен Қазақстан Республикасының футбол төрешілері, Футбол - миллиондаған адамдарды біріктіретін, жас ұрпақтың бойында әділ бәсекелестіктің рухын тәрбиелейтін, басқаларға құрмет, мақтаныш сезімін жандыртатын, командада жұмыс істеу біліктілігі мен әділ ойын екенін мойындай отырып: «Бірге біз - бір футбол КОМАНДАСЫМЫЗ. Футболды агрессия мен нәсілшілдіктің бар нысандарынан қорғау және оның игілігіне жұмыс істеу үшін, ҚФФ, ФИФА және УЕФА заңдарын ұстанамыз!», - деп мәлімдейді .
Меморандумға қол қою арқылы келесі қағидаларды ашық жариялаймыз:
1. Fair Play әділетті күрес қағидаттарын сақтау;
2. Нәсіліне немесе дініне негізделген кемсітушіліктің кез келген түрінен бас тарту;
3. Қарсыластарды, лауазымды тұлғаларды және жанкүйерлерді құрметтеу;
4. Ойынның адал емес тәсілдері мен әдістерінің жүргізілуін болдырмау;
5. Есірткінің заңсыз түрлерін қолдануды болдырмау;
6. Футбол матчтары кезінде агрессивті мінез-құлқының бар түрін қабылдамау.
Тағы жаңалықтар
-
Бірінші Лиганың ХІ турының «Қайрат-Жастар» - «Астана Ж» ойынының өту күні өзгерді
-
Ұлар Жақсыбаев: «Жеке марапаттарға ие болу әрқашан жағымды, бірақ командалық жетістіктер бәрінен де маңызды»
-
Горовенко мен Филиповичқа үздік бапкер және ойыншыға арналған сыйлықтары табысталды
-
Ерсұлтан Төреқұл Екінші лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік ойыншысы атанды