РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарФутболдан Қазақстан чемпионатының күнтізбесіне өзгерістер енгізілді

17 Сәуір 2018, 17:52

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лига клубтары арасында футболдан Қазақстан Чемпионаты матчтарын өткізу мерзімі турнир ережесінің 5.19.4 тармағынан сәйкес өзгеретіні жөнінде хабарлайды.

Еуропаның клубтық турнирлерінде ойнайтын Қазақстан өкілдері («Астана», «Қайрат», «Ордабасы», «Ертіс») Чемпионаттың матчтарын ойын күнтізбесінде арнайы жоспарланған қосалқы күндерге жылжыту жөнінде Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасына өтініш тастауға құқығы бар.

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігіне «Астана» футбол клубынан Қазақстан Чемпионатының XIX турындағы «Қызыл-Жар СК» - «Астана» ойынын 2018 жылдың 21 шілдесінен 25 сәуірге ауыстыру жөнінде өтініш түсті. Елордалық ұжым өтінішті 2018/2019 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты жасады.

Бұл өтініш «Қызыл-Жар СК» футбол клубымен келісілді.

Осы өтініш пен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігінің келісімі негізінде «Қызыл-Жар СК» - «Астана» матчын 2018 жылдың 25 сәуіріне көшіруге шешім қабылданды.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған өзгеріске байланысты Қазақстан Чемпионатының VII турындағы «Астана» - «Тобыл» және «Ақтөбе» - «Қызыл-Жар СК» матчтары 2018 жылдың 28 сәуірінен 29 сәуірге (жексенбі) ауыстырылды.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4529 )